15.11.2018 18:30



Астанадағы Қазақ драма театрының құрылысына бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінеді

Бейсенбі, 25 Қазан 2018 12:26

Астанадағы Қазақ драма театрының құрылысына бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінеді.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың берген жауабында жазылған.

«Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 590 Қаулысына сәйкес, жергілікті бюджеттің 1,2 миллиард теңге көлеміндегі соммасы Қазақ драма театрының құрылысына қарастырылған. Аталмыш жобаны жүзеге асыру Астана қаласы мен іргелес жатқан елді мекендердің экономикасының дамуына жағымды әсер етеді».

Кешенді жоспардың негізгі мақсаты Астанаға іргелес жатқан ауылдық елді мекендердің инфрақұрылысын дамытуға бағытталған.

АҚПАРАТ

Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары республикалық бюджеттен 17 жобаны жүзеге асыруға қаражат қарастырылған. Оның ішінде 3,9 миллиард теңге сумен жабдықтау, 3,7 миллиард теңге тоғыз автожол инфрақұрылымы жобасына, 2,6 миллиард теңге үш білім саласының жобасына және 0,3 миллиард теңге электрмен жабдықтауға жоспарланған.

 

дереккөз: Today.kz

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper