15.11.2018 18:37



«Student’s time» науқаны басталды

Сенбі, 13 Қазан 2018 17:41

«Астана Балет» театры жастарды театр өнеріне баулу үшін, студенттерге арналған «Student’s time» науқанын бастады.

Бұл жөнінде «Астана Балет» театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Науқанның шарты бойынша, студенттер 14 қазандағы спектакльге билетті 50% жеңілдікпен сатып ала алады.

Науқанға А.Адамның «Жизель» спектаклі алынып отыр. Бұл спектакльде байырғы қиыл-ғажайып сюжет жаңа қырынан ашылады. Романтизм шыңына баланған аңыз-балеттің тек рухани шырағы мен поэтикалық сарыны сақталған.

Генрих Гейне қағазға түсірген өсиеті бойынша, тұрмысқа шықпаған бойжеткендер, ғашығы көзіне шөп салған бойда виллистерге айналатын. Түнде молаларынан атып шығатын олар өздерінің қыршыннан қиылған өмірлері үшін кек алатын. Алдына кездескен кез-келген ер адамды биге елітіп, ақыры ажал құштыратын.

Театр басшылығының айтуынша, бұл науқан тәжірибелік түрде өткізіліп жатыр. Егер көпшілік тарапынан қолдау тапса тұрақты түрде өткізілетін шараға айналады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper