15.12.2018 10:25

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


«Бақытты отбасы формуласы» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сәрсенбі, 26 Қыркүйек 2018 16:06

Астанада «Бақытты отбасы формуласы» қалалық эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған байқау “Отбасы күні” мерекесіне орай 6-15 қыркүйек аралығында жарияланған болатын.

Нәтижесінде, конкурсқа 26 жанұя қатысып, оның ішінде 5 отбасы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды марапаттау үшін сахнаға шыққан Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев, астаналықтарды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтап:

«Біздің болашағымыз да, біздің бақытымыз да үлкен бақытты отбасыларға байланысты. Әрбір жанұя көп балалы болса, ол семья өздері қызмет жасап, сол балаларды әдет-ғұрыпқа, ана тіліне, мәдени құндылықтарға тәрбиелесе, біздің мемлекетіміз дүниежүзіндегі ең кереметтей мемлекеттердің бірі болады. Сондықтан да, әрбір кішкентай семья ол үлкен мемлекет деп есептеледі. Сондықтан да біздің осындай мерекеміз, осындай жобамыз осы ата-аналарға арналып отыр. Елімізде бақытты отбасылар көбейе берсін!» деді.

Байқаудың нәтижесінде келесі отбасылар «Бақытты отбасы формуласы» қалалық эссе байқауының жеңімпаздары атанды:

«Балам болашағым» аталымы бойынша, Баяхметовтер отбасы.

 «Біздің отбасылық дәстүр» аталымы бойынша, Сәрсенбаевтер отбасы.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» аталымы бойынша, Талғат Рифқашұлының шаңырағы.

«Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі рөлі» аталымы бойынша,  Сәрсенбаевтар отбасы.

«Отбасылық құндылықтары» аталымы бойынша, Тәуіржановтар отбасы.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper