19.11.2018 06:59

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Астана әлем ақындарының көзімен

Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 14:39

Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 30 тамызда Астанада «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кеші өтеді.

Іс-шараға танымал отандық ақындар мен әлемдік деңгейдегі білікті ақындар қатысады. Көптеген шет елдік танымал ақын жазушыларда аталмыш шараға өз үлестерін қоспақ. Аталмыш шығармашылық кешке Финляндиялық ақын, эссеші, славян, орыс әдебиетінің аудармашысы Юкка Маллинен, ақын, жетпіс кітаптың авторы, Шанхай университетінің профессоры Оуянг Ю, Француз жазушысы, публицист және аудармашы, прозашы Тьерри Мариньяк, ақын, баспагер, суретші Малгожата Махлевская, ақын, баспагер Гагик Давтян, ақын Любовь Красавина, ақын, прозашы, сыншы, «Литературный газеты» атты газеттің Бас редакторы Максим Замшев, ақын Сергей Мнацаканян, ақын, аудармашы Михаил Синельников қатысады.

Бауыржан Қарағызұлы, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Астанадағы филиалының директоры, көптеген халықаралық, республикалық әдеби конкурстардың жеңімпазы:

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кешінің берері мол ерекше іс шара болғалы тұр. Осы күнге дейін біздің қаламгерлер шет елдерге барып олардың астаналарын жырға қосса, енді міне, Тәуелсіздіктің арқасында біздің астанаға шет ел ақындары жыр арнамақ. Бұл қазақ елінің жеткен жетістігі, мәртебесінің өскені. Әрине, мұндай іс-шара біз үшін өте қажет. Ақын-жазушылар да еркін тәжірибе алмасып, шет ел ақын жазушыларымен тең тұрып сөйлеп, кең тұрып көсіліп жұмыс істейтіндей дәрежеге жеткізетін осы бір Халықаралық поэзия кешін ерекше күтіп жүрген жайымыз бар. Шет елге береріміз де, шет елден аларымыз да көп. Барлығы сәтімен болсын!

Ерлан Жүніс, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚЖО Алматы облыстық филиалының директоры

Қазақ даласы қай ғасырда да әлем тарихшылары, мәдениеттанушылар, ақындар мен ғалымдар үшін таңғажайып кеңістік – алтын сандық іспетті болған. Көне қалаларымыз – Тараз бен Сүяб, Фараб пен Ясы жөнінде қалам тартпаған, жырына өзек, жазбасына арқау қылмаған шайырлар мен хакімдер некен-саяқ. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңа Қазақстан әлем ғалымдарының, дін басыларының, саясаттанушылардың пікірлесу алаңына айналды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана – Әлем ақындары көзімен» атты ауқымды іс-шарасы әлем қаламгерлері мен ел қаламгерлері арасында алтын көпір болатындығымен қуантады. Астананы жырлау – Қазақ елінің өткені мен бүгінін, жарқын келешегін, оның асқақ армандары мен асыл мұраттарын жырлау. Осы тұрғыдан келгенде бұл іс-шара мәдени оқиға болғалы тұр деп санаймын.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper