26.09.2018 02:55

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


«Әкеге қоңырау шалу» фильмі Фаджр кинофестивалінде бақ сынайды

Жұма, 06 Сәуір 2018 13:31

Сәуірдің 19-ы мен 27-і аралығында Иранның Тегеран қаласында өтетін 36-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде «Әкеге қоңырау шалу» фильмі бақ сынайды.

Қазіргі уақытта, «Әкеге қоңырау шалу» фильмі Қазақстан киносыншылар қауымдастығы ұйымдастырған «Сыншылар таңдауы» киножүлдесінде екі бірдей жүлдеге – «Үздік режиссер» және «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» (актер Ерболат Оспанқұловқа табысталды) қол жеткізген болатын. 

Одан бөлек, аталған туынды Ресейдің «Ника» киножүлдесіне үміткер болған.

Сонымен қатар аталған фильм  2018 жылы сәуірдің 19 мен 26 аралығында Мәскеуде өтетін  40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде  «Шеберлер» бағдарламасында көрсетілетін болады.

Ал картинаның режиссері Серік Апрымов «Фаджр» фестиваліне осыдан 27 жыл бұрын қатысқан. 1991 жылы режиссер түсірген «Соңғы аялдама» атты дебюттық картина «Фаджр» фестивалінің негізгі байқауына қатысып, «Үздік фильм» жүлдесін алған.

Фаджр халықаралық фестивалі 1982 жылы Иранның мәдениет министрлігі және ислам бағыты ұйымымен негізі қаланған. Фестиваль Қиыр Шығыстағы ең ауқымды әрі танымал кинофестиваль есептеледі. Бұл фестиваль аясында әлем кинематографистері мәдени байланыс орната алатын бірден бір алаң.

Былтыр 2017 жылы «Фаджр» кинофестивалінің «Үздік азиялық фильмі» номинациясында бас жүлдені «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі алған болатын.

«Фаджр» кинофестивалінің биылғы жеңімпаздарын фестивальдің жабылу салтанатында – 2018 жылы 27 сәуірде жарияланатын болады.

 

АҚПАРАТ

«Әкеге қоңырау шалу» фильмі туралы:

Фильм жас жігіттің бала кезінен бастап есейген шағына дейінгі 25 жыл өмірін қамтиды. Картинада баланың әке-шешесімен арасындағы қиын қатынастары, жеткіншектің сезімдері мен басына түскен қиындықтары суреттеледі.

Қоюшы режиссері, сценарий авторы, операторы: Серік Апрымов

Рөлдерде: Ерболат Оспанкұлов, Айзада Сатыбалдиева, Жігер Мырзабек, Темірлан Кисикбаев және басқалары.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper