22.07.2018 18:41

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


«Әміре» фильмінің көрсетілімі басталды

Бейсенбі, 05 Сәуір 2018 11:37

Бүгін Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына орай түсірілген «Әміре» фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тасырысымен түсірілген кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай  қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды.

Фильм Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Париждегі Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes аясындағы дүниежүзілік музыка конкурсына КСРО делегациясы қатарындағы өнерпаздар арасынан қатысқан кезеңі баяндаладды. Туа біткен дарынының арқасында алғаш болып Еуропа жерінде қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен Әміре Қашаубаев Еуропа жұртшылығын тамсандырады.

Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаев туралы елге белгісіз деректер мен танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс табады.

Тарихи тұлғалар жайында түсірілген «Әміре» секілді фильмдер шетелдік көрерменнің елімізге деген қызығушылығын арттыратындығын айтқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы:

- Президент Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аты бағдарламалық мақаласында, рухани жаңғырудың басты шарты – мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды сақтап қалу. Онсыз рухани жаңғыру құр жаңғырық болып қалады деп баса айтты. Еліміз жүргізіп отырған саясатта мәдениетке аса көңіл бөлінген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау мақсатында киноөндіріске идеологиялық мән берілген. Осы орайда, біз қазақстандықтарға еліміздің дара әншісі Әміре Қашаубаев туралы түсірілген көркем фильмді жарыққа шығардық.  Әміре бірінші болып Еуропада қазақ әнін әуелеткен әнші. Оның тұлғасы қазақ өнері және жалпы қазақ үшін аса маңызды. Өсіп келе жатқан жас өрендер ол туралы білулері қажет. Үкімет және министрлік тарапынан осындай еліміздің асыл ұл-қыздарын бүгінгі ұрпаққа танытуда үлкен еңбек атқарылып жатқанын айтқым келеді, - деді.

Еуропалықтардың ерекше ықыласына ие болса да Әміренің өз елінде әділетсіз ұмыт болғанын еске түсірген  картинаның бас продюсері Әлидар Өтемұратов:

- Осындай ерекше дарын иесі туралы  көпшіліктің білгені маңызды.  Біз замандастарымызға Әміре Қашаубаевтың қиын өмір жолын көрсетіп, оның дауысын естуге мүмкіндік бергіміз келеді. Әмірені жақын танып, ұлттық дәстүрлі өнермен етене танысқан отандастарымыздың бойында мақтаныш сезімі оянады деп сенемін. Өйткені, біздің музыка мәдениетін қалыптастырған осындай адамдар, есімдер біздің тарихымызда қалуға тиісті. Әлем кинематографиясында музыка драмасы жанрында түсірілген фильмдер көп емес. Сондықтан отандық көрермендерге бұл жанрдағы картинаны көріп, өткен ғасырдың 30-жылдарына саяхат жасау қызықты болады деп ойлаймын. Бұл Қазақстан кинематографиясын жаңа сатыға көтеруге бағытталған бірегей картина болмақ. Отандық көрермендер жоғары деңгейде бағалайды деп үміттенемін, - деді.

Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы «Балқадиша», «Үш дос», «Дударай», «Бес қарагер» және т.б. әндері орындалады.

Ал картинаның түсірілімі Латвия, Лос-Анджелес қалаларында өтті. Ал соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді. 

Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa), оператор – Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») бар.

 

Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған.

Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.

 

Анықтамалық ақпарат:

 

«Әміре», ұзақтығы: 88 минут

Бас Продюсері: Әлидар Өтемұратов.

Режиссері: Джеф Веспа (АҚШ).

Операторы: Максим Осадчий (Ресей).

Сценарий авторы: Бенжамин А. Ванн дер Вин (АҚШ).

Кеңесші: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығана арналған еңбектердің авторы Жарқын Шәкәрім.

 

Актерлер:

Эбби Корниш – Ли Эббот

Санжар Мәдиев – Әміре

Еркебұлан Дайыров – Мұстафа Шоқай.

Бен Олдридж – Джордж Гершвин

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper