15.12.2018 10:24

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


ОҚО-да «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі қойылады

Сенбі, 31 Наурыз 2018 00:25

Оңтүстік Қазақстан облысында Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Astana Musical» театры «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін сахналайды.

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Astana Musical» театрының өкілі Сайлау Қамиев хабарлады.

- Дала театрының негізіндегі «Қыз Жібек» қойылымы көрерменге қазақ халқының ұлттық болмысы мен тыныс-тіршілігін айқын көрсетеді. Сондай-ақ, өнерсүйер қауым спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар халқымыздың суырыпсалмалық өнерін дәріптейтін айтысты тамашалайтын болады, - деді Сайлау Ғалымжанұлы.

«Қыз Жібек» этно-фольклорлық қойылымының қоюшы-режиссері А.Маемиров, режиссері Е.Нұрсұлтан, балетмейстері А.Садықов. Жібек пен Төлегеннің рөлін театр әртістері И.Ризабекова мен О.Игілік сомдайды.

Айта кетерлігі, «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында 2017 жылдың желтоқсан айында Франция, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінде сахналанып, шетелдік талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленген болатын.

 

АҚПАРАТ

«Astana Musical» - еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Елордалық өнер ұжымы заманауи жаңалықтарды негізге ала отырып, отандық және әлемдік мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналып келеді.

«Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2016 жылдың маусым айында құрылған. Өнер ордасы өз шымылдығын Бақыт Қайырбеков пен Әннәс Бағдаттың «Достар серті» мюзиклімен ашқан.

Бүгінде театр репертуарында көпшіліктің қошеметіне ие болған 5 қойылым бар.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper