22.07.2018 18:39

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


«Алтын адам» Мәскеуге жеткізілді

Сенбі, 31 Наурыз 2018 00:06

Сәуір айында Мәскеуде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі өтеді.

Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы Еуразияның Ұлы Дала белдеуінің бай мәдени мұрасына шетелдік қоғамдастықты таныстыру болып табылады.

Көрменің негізгі экспонаты - «Алтын адам» - Есік (Алматы облысы) қорғанында табылған жауынгер жасағы.

Археологтар «Алтын адамның» жерлеу камерасыннан барлығы 4800 әшекей тапқан. Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер табылған қорған болып саналады.

Сондай-ақ, Көрмеде ҚР Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері таныстырылады.

Айта кетерлігі, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршрутына ТМД, Азия, Еуропа және Америка елдері кіреді.

 

АҚПАРАТ

«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі 3 сәуір күні сағат 19:00-де  ашылады.

Ал сағат 17:00-де ұйымдастырылып жатқан көрме негізінде ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Л.В.Кочетов, т.ғ.д., профессор З.С.Самашев, ҚР Ұлттық музейі ғылыми хатшысы, т.ғ.к. З.К.Сураганова, Бүкілресейлік халықтық және сәндік-қолданбалы өнер музейінің директоры Е.В.Титова және Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің археология кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор А.Р. Канторович сынды екі жақты тұлғалардың қатысуымен пресс-конференция өткізіледі.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper