26.09.2018 14:45

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі өтеді

Жұма, 30 Наурыз 2018 10:33

2018 жылғы 1 мамыр күні Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелеу аясында ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі өтеді.

Фестивальдің басты мақсаты мемлекеттер арасындағы мәдени және достық байланысты нығайту, ұлтаралық бірлік пен төзімділікті сақтау, әртүрлі елдің тәжірибесі және мәдени құндылықтарымен өзара алмасу болып табылады.

Жоба авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  әртісі, «Қазақ эстрада театры» директоры,  Қазақстандағы әзіл жанрын қалаушыларының бірі, үстіміздегі жылы 25 жылдығын атап өтетін «Бауыржан шоу» әзіл шоуының негізін қалаушысы, профессор Бауыржан Ибрагим.

Фестивальға халықаралық әзіл шоуларының танымал әртістері, өз мемлекеттеріне еңбек сіңірген Бауыржан Ибрагим (Қазақстан), Елена Воробей (Ресей), Карен Аванесян (Армения), Владимир Моисеенко және Владимир Данилец (Украина), Мирзабек Холмедов және Обид Асомов (Өзбекстан), «Большая разница» фестивалінің жеңімпазы Андрей Баринов (Ресей), Абдыбақаз Қадырматов, Борончу Құдайбергенов, Кумондор Абылов, «Аdem Dance» (Қырғызстан), «Мунча Ташы» (Татарстан), «Бауыржан шоу», «Тамаша», «Шаншар», «Терісқақпай», «Екі езу», «ТТТ» және т.б. театрлар қатысады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper