22.07.2018 18:40

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Дәстүрлі әншілер сайысы басталды

Сенбі, 17 Наурыз 2018 06:58

Ақмола облысы Аршалы ауданында Астананың 20 жылдығына арналған "Ақмола жұлдыздары" облыстық халық шығармашылығы байқауының аясында "Арқаның ән дәриясы" атты дәстүрлі әншілер байқауы өтуде.

Байқаудың мақсаты ата мен балаға мұра болып отырған әншілік өнерді, асыл мұраларды үлгі ете отырып қазақтың шоқтығы биік туындыларын жаңғыртып, халыққа таныту және халық композиторларының әндерін дәріптеп, жас ұрпақтың ертеген келе жатқан мұраға құрметін аттыру.  

"Арқаның ән дәриясы" атты дәстүрлі әншілер байқауы Аршалы ауданының өнерлі тұрғындарының көрмесінен басталды.

 

Өнерпаздарға бағасын беріп, төрелігін айтатын қазылар алқасының құрамы:

Сәуле Бөрібаева - Ақмола облысы Мәдениет басқармасының басшысы.

Қапаш Құлышева - ҚР еңбек сіңірген әртісі.

Байжол Шахманов - Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының директоры.

Ирина Акимова - Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы директорының орынбасары.

Гүлмира Жұмағалиева - Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының халық шығармашылық бөлімінің басшысы.

Дайындаған: Әйгерім РАҚЫМЖАНҚЫЗЫ 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper