23.02.2018 04:22

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


Меморандум

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 12:56

«ONTUSTIK TOURISM. INVEST 2017» форумы аясында 4 меморандум түзілді

Фото: Самат Мырзалиев

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік форумының аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласы өкілдері мен Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның басқа қалалары арасында 4 меморандумға қол қойылды.Онда екі жақты әріптестікті нығайту мақсатында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы қытайдың «Salem China» компаниясымен және «Sky Way» туристіккомпаниясымен меморандум жасасты.

Бұдан өзге, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мен Хатай провинциясы арасында меморандумға қол қойылса, «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы мен Өзбекстанның туристік өнімін насихаттау орталығы арасында екі жақты меморандум түзілді.

Бұл меморандумдар тараптарға өз аймақтарының туризм өнімдерін бірге дамытып, инфрақұрылымын салуға, инвестиция жұмылдыруға мүмкіндік береді.

АҚПАРАТ

«ONTUSTIK TOURISM. INVEST 2017» форумы деңгейіндегі іс-шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум өңірдің туризм саласын дамытуға және тәжірибе алмасуға, өзара тиімді әріптестікті тереңдетуге және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper