26.09.2018 14:45

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар меморандумға қол қойылды

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 19:01

«Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» бизнес-форумында Оңтүстік Қазақстан облысы инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде 3 меморандумға қол қойды.

Астана қаласында  Оңтүстік Қазақстан облысының күндері  аясында  өткен бизнес-форум аясында 6 меморандумға қол қойылды. Солардың алғашқысының бірі болып «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қытайдың Аньхой провинциясы халықаралық сауда қатынасын дамыту комитетімен екіжақты түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, дәл осы компания «НГ–Энерго» ААҚ-мен әріптестік арттыру жөнінде келісімге келді. Екі тарап алдағы уақытта  өзара қарым- қатынасты дамыта түспек.

Бұдан өзге, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды иновациялық даму және туризм басқармасы мен «POWER LANDMARK HOLDINGS LTD» компаниясы арасында өзара келісімге келіп, инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде меморандуға қол қойды.

Айта кетерлігі, биыл Оңтүстік Қазақстан облысына 229,9 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға өсіп, республикадағы үлесінің 5,7 % құраған. Өңірге көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде БАӘ – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауытын салу, ал Қытай елімен бірлесе биоэталон, фосфор тыңайтқышын  шығаратын және 200 МВт күн электр станциясы құрылыстарын жүргізу бойынша келісімдерге қол қойылған.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper