23.02.2018 04:34

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


Оңтүстік Қазақстан облысына 229,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 15:47

Оңтүстік Қазақстан облысына 2017 жылы 229,9 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға өскен.

Бұл жөнінде Астана қаласында  Оңтүстік Қазақстан облысының күндері  аясында  өткен «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты  бизнес-форумында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев хабарлады.

Аймақ басшысының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы – экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан өңір. Аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқан. Соның нәтижесінде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс қарқынды дамып келеді.

–  Өздеріңізге белгілі, әлемде сапалы азық-түлік өніміне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Тұтынушы сапа мен қауіпсіздікті талап етеді. Бұл тұрғыда Қазақстанға Ресей, Қытай, Иран және басқа да елдер секілді жаңа нарық ашылуда. Осы нарықты игеруде Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор. Себебі, тарихи өлкенің аграрлы саласы жақсы дамыған.  Соңғы 3 жылда жиналған бақша өнімдерінің көлемі 1 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстандағы жылыжайдың 90 пайызы біздің өңірде орналасқан. Мақта толығымен, ал жүзім мен бақша өнімдерінің 70 пайызы осы облыста өсіріледі, – деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

Айта кетерлігі, Астанада өткен «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты  бизнес-форумының мақсаты Оңтүстіктің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыра отырып, өңірге инвестиция тарту. Осы арқылы облыс экономикасын дамыту және туристерді көптеп шақыру.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper