24.02.2018 22:20

319.65
393.33
50.47
4.7
5.67
84.49


«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 16 кооперативті қаржыландырды

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 10:12

2017 жылы «ОҢТҮСТІК» АИО және оның еншілес мекемесі «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып 279 млн теңгені құрайтын 16 кооператив және оның мүшелерін қаржыландырған. 

Оның ішінде 77 млн тенгені құрайтын 3 жоба ауыл шаруашылық техникасын алуға, 45 млн теңгені құрайтын 2 жоба құс шарушылығына, ал 156 млн теңгені құрайтын 11 жоба мал шаруашылығы саласына бағытталған.

Бұл күні «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы өңір кәсіпкерлерін бірігіп жұмыс жасауға шақыратын «Бірлік түбі – береке» атты ақпараттық түсіндіру акциясы жалғастыруда. Мақсаты өңір шаруаларын барынша бір кооперативке біріктіріп, облыс экономикасын дамыту.

Бүгін компания өкілдері Арыс қаласында өткен кезекті акция барысында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып, олардың сұрақтарына жауап берді.

«ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре кооперативтерді қаржыландыру шарттары және оларға ұсынылатын жеңілдіктер туралы түсіндіріп, кооперативтерге арнайы жеңілдетілген, яғни кооперативтерден кепілдеме және аванстық төлем талап етілмейтін қаржыландыру механизмі жасалынғанын, кооперативтер инвест-субсидия алу арқылы бизнесті жарты құнына құру мүмкіндігіне ие болатындығын жеткізді. 

Акция аясында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған «Synergy agro-trade» ауылшаруашылық кооперативінің Арыс қаласында атқарып жатқан жұмысы үлгі ретінде көрсетілді.

«Synergy agro-trade» ауылшаруашылық кооперативі биыл қаржы орталығынан несие алып, 6 трактор мен 8 аспалы құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде сол техникалар арқылы ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп баптаумен айналысатын шаруаларға қызмет көрсетуде.

Айта кетерлігі, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығында кооперативтерді қаржыландыру лизинг формасында төмендетілген пайызбен (8 пайызбен) 84 айға дейін беріледі. Төлемнің демалыс мерзімі 24 айға дейін. Бұл күні компания тек Шымкент қаласының өзінде 242 млн теңгені құрайтын 9 кооперативтің жобасын қаржылай қолдап отыр. Ал қазіргі уақытта орталық арқылы 10 кооперативтің жалпы 290 млн теңгені құрайтын жобасы мақұлданып, қаржыландыру сатысында. Олар, сүт қабылдау бекеті, сүт тасымалдау автокөлігі, рефрижератор, құрама жем өңдеу цехы, мал сою бекетін жабдықтау сияқты құрал жабдықтарды алып, жұмыстарын жүргізбек.   

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper