26.09.2018 14:45

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Қазан айында инвестжобалар мониторингінің электронды жүйесін іске қосылады

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 11:14

Бірінші қазаннан бастап «Follow Up» атты инвестжобалардың ақпараттық-мониторингтік жүйесі іске қосылады.

 Бұл туралы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Біржан Қанешев хабарлады. 

Оның айтуынша, шетелдік инвестор жобаның қандай салада әрі қандай көлемде екенін, сондай-ақ тең инвестициялауға қанша қаражат керек екенін көре алады. Ол Қазақстаннан осы жоба бойынша серіктесін іздейтін болады. Сонымен қатар, жүйеге қандай да бір сигнал түскен кезде, ол бірден жоба авторына жеткізіледі.

 Қазіргі уақытта, «Follow Up»  жүйесінде 150 жоба салалар, елдер мен өзге де параметрлер бойынша бөлініп, жобаның толыққанды болуына қажетті қаржы модельдері, жетіспей тұрған бөлімдері аяқталған. Мұнда, жобаларға қойылатын талаптар қаржы институттарының халықаралық стандарттарына сәйкес жүйелендіріліп, жобаларшет тілдеріне аударылған. 

Электронды жүйе 1 қазаннан бастап шетелдік инвесторлар мен қазақстандық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болады. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper