14.08.2018 17:16

363.22
413.42
52.78
5.33
5.35
52.82


МЕМОРАНДУМ

Сәрсенбі, 02 Тамыз 2017 17:37

Италия Қазақстандағы биоэнергия өндірісіне 45 млн еуро инвестиция құюды көздеп отыр.

 Бүгін «KAZAKH INVEST» АҚ және Италияның «Bionet SrL»компаниясының арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Қол қою шарасына ҚР инвестициялар және даму вице-министрі  Ерлан Хаиров, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Джиенбаев, Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян, «Bionet SrL» компаниясының президенті Норберто Занини және Фриули-Венеция-Джулия өңірі төрағасының кабинет басшысы Агостино Майо қатысты.

Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, меморандум Қазақстанда органикалық қалдықтардан биоэнергия өндіру бойынша инновациялық қондырғыны қолданысқа енгізу үшін инвестиция салу жайын қарастырады. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы «Bionet SrL» бастамаларына қолдау білдіреді және компанияның ҚР-ғы қызметі үшін қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік жасайтын болады:

- KAZAKH INVEST – шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы бизнесіне қатысты, кез келген мәселені шешуге арналған «бірыңғай терезе» болып табылады. Біз осындай инновациялық жобаларды қашан да қуанақолдаймыз  және оларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдіріп, ықпал жасайтын боламыз, - деді ол.

«Bionet SrL» жобасы бойынша келіп түсетін шикізатты анаэробты ашыту және биогазды қалпына келтіру арқылы одан электр қуатын немесе биометан алу жолымен шикізаттың энергетикалық әлеуетін пайдалана алатын зауыт құру көзделген:

«Біздің технологиямызды қолдана отырып жұмыс істейтін зауыт қатты қалдықтарды, электрэнергиясына немесе ауылшаруашылығында пайдаланылатын тыңайтқыш өніміне айналдыру арқылы оны кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз энергияқуатын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттерді шешеміз», - деп түсіндірді «Bionet SrL» президенті Норберто Занини.

Меморандумға қол қою рәсімі «Expobetobe Astana» ресми бастамасы бойынша, италияндық Фриули-Венеция-Джулия өңірінің «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі апталығының шеңберінде ұйымдастырылды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper