23.05.2018 20:48

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


РЕЙТИНГ

Сәрсенбі, 02 Тамыз 2017 16:27

Астананың инвестициялық және несиелік әлеуеті тұрақтап, Елорда несие төлеу қабілеттілігін жоғарылату халықаралық рейтингіне кірді. 

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Moodys Халықаралық рейтинг агенттігі елорданың инвестициялық және несиелік әлеуетінің болжамын «тұрақты» деп өзгертті.

Сарапшылар ағымдағы баланс пен қаланың экономикалық дамуы көрсеткіштерінің талдау нәтижелері бойынша Астана рейтингін Ваа3 деңгейінде растады.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, елордада несие төлеу қабілеттілігі деңгейінің өзгеруіне келесі жағдайлар әсер еткен: «ағымдағы бюджеттің іске асырылуының жоғары көрсеткіштері, қарыз берешегінің төмен пайыздық деңгейдегі көрсеткіші, қайта несие рәсімдеуде жоғары емес пайыздар, жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері, қаланың қарқынды экономикалық дамуы».

Сондай-ақ жүйелік қысымның азаюы атап өтілді. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper