22.02.2019 20:35

376.73
427.36
56.07
5.41
5.75
70.62


Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

Жұма, 25 Қаңтар 2019 12:21

2018 жылы Астана қаласының экономикасына 1 трлн 56 млрд теңге инвестиция тартылды.

Бұл жөнінде Астана қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.

«Өткен жылы қала экономикасына 1 трлн 56 млрд теңге инвестиция тартылды. Біз мұндай межені алғаш рет бағындырдық. Бұл қаланың өз-өзін жеткілікті қамтып отырғандығын және инвесторлар үшін, шағын және орта бизнес үшін тартымды екендігін білдіреді. Егер бұрын қала бюджеті жартылай мемлекеттен қаржыландырылса, бүгінде қаланы дамытуға тартылған жеке инвестициялар 86% - ды құрайды. «Бір айта кетерлігі, инвестицияның 71% шағын бизнеске тиесілі. Өткен жылы инвестицияның 750 млрд теңгесін осы шағын бизнес субъектілері құйды. Ал инвестициялар құйылатын негізгі секторларға жылжымайтын мүлік және көлікке қатысты орындалатын операциялар жатады.Егер Астананы жоба ретінде қарастырсақ, ол өте қолайлы, экономикалық тұрғыдан өте тиімді жоба. 20 жыл ішінде Астананы дамытуға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге қаржы бөлінсе, қала бюджетке 6 трлн теңге қайтарды», - деді ол.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper