15.12.2018 11:29

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


Әсет Нүрпейісов, «Бухта.кз» компаниясының Бас директоры

Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 17:04

Жаңа технологиялар бизнеске қандай өзгеріс алып келеді және «Бухгалтер» мамандығын болашақта не күтіп тұрғаны туралы айтып берді.

- Әсет, онлай-бухгалтерия кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер береді?

- Бүгінгі күні кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп біртіндеп автоматтандырылып келеді. Олардың кең тарағаны  орта деңгейлі компанияларда 1С болса, үлкен кәсіпорындарда Oracle және SAP, шағын бизнес пен микрофирмалар өзінің есебін жазбаша немесе Excel-де жүргізеді. Себебі, лицензияланған 1С бағдарламасының 1 жылдық бағасы 54 мың теңге тұрады, оған  бухгалтердің жұмысын қосыңыз. Әрине, жеке кәсіпкер мен пәтерді жалға беретін патентшілер мұндай шығын шығара алмайды. Ал бұл сегменттің ойсырап тұрған орнын нарықта ешкім толтырып жатқан жоқ.

Онлайн-бухгалтерия, оның ішінде buhta.kz сервисі бұл кәсіпкерлерге кәсіби мамандар арқылы көмектесетін немесе бухгалтерияны өзі зерттейтін софтверлі өнім. Мәселен, жүйе өзі бухгалтерлік тіркеуді жүргізіп, қажетті құжаттарды шығарып, есебін тапсырады. Сонымен қатар, өзіңіздің құжаттарыңызды әлемнің кез-келген жерінен, кез-келген девайспен көре аласыз және бұл шешім уақыт пен ақшаңызды үнемдейді.

- Buhta.kz сервисін жасау туралы ой қалай келді?

- Менің өзімнің мамандығым бухгалтер. Мамандығым бойынша жұмыс істеу барысында есептеу үрдісінің жәй жүруі менің шыдамымды тауысатын, ал  бухгалтерия деген құжаттарды жылдам дайындап беруі тиіс емес пе? Содан мен бұл істі өзгертуім керек деген шешімге келдім. Негізге кіріс пен шығысты тіркеп, қорытындысында есептің негізінде құжат дайын болатын америкалық есепудің стилін алдым. Жалпы бұл сервисті толықтай іске қосу үшін бізге 3 жыл керек болды.

Қазіргі уақытта buhta.kz белгілі бір кәсіпорынға арналған ең жеңіл автоматтандырылған жүйеге айналды. Бұл бухгалтерлік құжаттарды лезде қортындылап, өңдеп шығаратын бірегей қазақстандық технология. Сондай-ақ, бізде кәсіпкерге қаражатын бақылап отыруға мүмкіндік беретін  бенктермен интеграция жетілдірілген. Ал Wallet One төлем жүйесімен есепшот ұсынып және қабылдай алады. Инвойстардың автоматтандырылуы бұл рәсімді бірнеше есе жылдамдатады.  Егер бұрын бұл іске апталап уақыт кететін болса, қазір бірнеше секунд қана қажет.

- Бұл істі бастау үшін қанша қаражат қажет болды?

- Бұл бірден табыс таба бастаған стартап болды. Біз алдымен идеямызды ұсындық, одан кейін кәсіби бухгалтерияны қажет ететін адамдарды тауып, соларға арнап buhta.kz сервисін жасай бастадық. Бұл сервисті қажет етушілердің саны мен кірісіміз артқан сайын дизайны мен технологияға шығын шығара бастадық. Біз өзіміздің таза кірісімізді әрдайым қайта инвестициялап отырамыз. Бұл дегеніміз Lean Startup, яғни қосымша инвесторлар мен қосымша қаржыландыруды қажет етпей, бизнестің өзінің ғана қаражатына өмір сүруі.

Біз айтарлықтай жылдам өсіп келеміз. 3 жылдың ішінде қызметкерлеріміздің саны 3 адамнан 17 адамға дейін көбейді. Біздің қызметті қажет ететін адамдармен де солай: алғашқы жылдары олардың саны 50 ғана болса, қазір 750. Бұл сайтта тіркелген қолданушыларды санамағанда, біздің тек келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндердің саны.

Қазіргі уақытта компанияның офистері Алматы, Астана және Қостанай қалаларында орналасқан. Мамыр айында Қостанайдан үзіліссіз жұмыс істейтін бэк-офис ашып, 10 адамға жаңа жұмыс орнын ашамыз.

- Көрсетілетін қызметтің бағасы неге тәуелді?

- Қызметтің бағасы кәсіпорынның түрінен және салық салудың режіміне байланысты. Яғни, салық салудың жалпыға белгіленген жүйесімен жұмыс істейтін заңды тұлғаларға бухгалтерлік қызмет көрсету айына ЖК үшін 20 мың және ЖШС үшін 40 мың теңге. Ал үстіртін жұмыс істейтін заңды тұлғалар үшін: ЖК – 10 мың, ЖШС – 30 мың теңге.

Ал бір реттік қызметтердің бағасы жеке есептеледі. Жұмыс көлемі көп болған сайын, қызмет көресетудің де бағасы жоғары болады.

Мәселен, салық есебін жасау 2 мың теңгеден басталса, ал ЖШС-ны жабу еңбекке байланысты 100-300 мың теңге көлемінде. Не дегенімен бұл штатта бухгалтер ұстағаннан 3 есе арзан түседі. Одан өзге біздің мамандар ешқашан ауырып қалмайды және бала күтіміне байланысты демалысқа шығып кетпейді. Сәйкесінше, біз өзіміздің ұсынатын технологиялық шешіммен бухгалтерлерлік жұмыстың тиімділігін арттырып қана қоймай және қызмет көрсетудің бағасын төмендетіп, кәсіпкерлікті жүргізуді жеңілдетеміз.

- Әсет, сіздің клиенттеріңіз кімдер?

- Ең алдымен олар жас инновациялық компаниялар. Олардың ішінде «Давай сходим», Yuframe вайнерлері, Uber және «Яндекс» таксилерінің жүргізушілері, фотографтар, саудагерлер, түрлі би мектебі мен дизайн студиялары, қаржылық шешімдерді, биллингтік жүйелерді, мобильді қосымшалар мен web-сайттарды жасаушылар. Біздің негізгі бағытымыз жеке кәсіпкерліктен бастап шағын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болғанымен, қазіргі уақытта біздің қызметті негізінен жастар қолданады. Бұл бизнесте «сенім» ең мағызды және үлкен рөлді атқарады. Себебі, кез-келген компанияның ең сезімтал тұсы оның қаржылық көрсеткіші саналады. Сондықтан, ескі көзқарастағы адамдар өзгелер олардың табысын көрмегенін қалайды, ал бәрін Instagram мен WhatsApp-қа салып үйреніп қалған жастар бұған аса мән бере қоймайды. Алайда, біздің компания көрсетілетін әрбір қызметтің кәсіби құпиялылығына кепіл болады және өз қызметіміз үшін толық жауап береміз. Мұның барлығы келісім-шартта толық жазылады.

- Әрі қарай дамуды қалай жоспарлап жатырсыз?

- Біз бухгалтерлік технологияны фасфудқа айналдырып, қазіргіден де көп адамды қамтысақ дейміз. Ең алдымен қазақстандық бизнестің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап, отандық кәсіпкерлерді бухгалтерлік есеп бағытында «отандық» өніммен қамтамасыз еткіміз келеді.

Еңбекті көп қажет ететін үрдіс уақыт өте келе қалып жатыр. Бірнеше жылдан кейін жасанды интеллект барлық бухгалтерлік есепті жасап, құжаттарды дайындайтын болатындығына сенімдімін. Ал бухгалтерге барлығын тексеріп, қажет болған жағдайды өзгертулер еңгізіп, жіберіп отыру керек қана болады. 3 жылда бүкіл бухгалтерлердің жұмысын машина жасайды деп айтпаймын, бірақ ол уақыттың қалай келіп қалғанын сезбейде қалатынымыз анық. Менің ойымша бір 5 жылда бухгалтер мамандық ретінде қажет болмай қалады. Мәселен, валидаторлар кондукторды алмастырғандай. Бұрын бұл тек оқытылмайтын қызметтерге тиесілі болса, қазір технологиялар кәсіби мамандарды да алмастыруда.

 

Аударған: Айнұр МАРАТ

Дереккөз: Kapital.kz

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper