15.12.2018 10:25

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


Әлемдік киномотография саласының жұлдызы Джеки Чан

Жұма, 09 Маусым 2017 18:37

Қазақстанға ресми сапары барысында еліміздің БАҚ өкілдерімен кездесіп, Димаш Құдайбергенов, қайырымылық, Қазақ елі туралы ойымен бөлісті.

Фото: Qainar.kz

Ең алдымен барша қазақстандықтарға қонақжайлығы үшін алғысымды білдіремін. Осыдан 10 жыл бұрын Гонконгта Қазақстанның елшісі Қазақ елі жайында айтқан болатын. 5 жыл бұрын арамызда елшімен тағы да Қазақстан туралы сөз болып, содан бері Қазақстанға келіп киноматографиямен айналысу арманым болатын. Бірақ жұмысымның көптігінен ол арманым бұл күнге дейін жүзеге аспаған еді. Бірақ болашақта Қазақстанға келіп фильм түсіру жоспарымда бар.

МЕНДЕ УАҚЫТЫМДЫ БОС ҚҰРТУҒА МҮМКІНДІК ЖОҚ

Фото: Qainar.kz

Менің танымалдылығым маған табанды еңбек, үлкен тәжірибе арқылы келді. Сондықтан, фильм түсіргенде онда режиссер де, продюсер де өзіммін. Монтаж жұмыстарын да өзім жасаймын. Одан кейін түсірілім өткен алаңның еденін жуып аламын. Сондай-ақ, сөздерін жазып, музыкасын тексеремін. Қайырымдылықпен де айналысамын. Бұның барлығы әлемді етене түсініп, білуге мүмкіндік берді. Дүниетанымымды кеңейте түсті. Менің жан-жақты тәжірибем мол. Сондықтан да, мен әрбір бастаған ісімді аяқтағаннан кейін шынайы жан рахатымды табамын. Мен уақытымды бекерге құртқым келмейді. Өйткені, шындығында да менде уақытты құрдан-құр құртатын мүмкіндік те жоқ. Мен ешқашан маңызды емес жұмысқа уақытымды бөлмеймін. Мәселен саржағал баспасөздегі өсек-аянды мүлдем оқымаймын. 

ДИМАШ КИНОМОТОГРАФИЯНЫҢ ДА ҮЛКЕН ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛАРЫНА СЕНІМДІМІН

Фото: Абзал Қалиев

Бір ретте аяқ астынан теледидарды қосып қалсам сахнада Димаштың ән салып жатқандығын көрдім. Ол мені өзінің  әдемі биік тембр, тыныс кеңдігімен барша көрермендерді таңқалдырды. Олардың қатарында мен де бармын. Одан кейін ол менің жанкүйерім екендігін білдім. Онымен кездескеніме қуанышты болдым. Димаш болашақта киномотографияның да үлкен жұлдызына айналарына сенімдімін.

МЕН БІРДЕН ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ БОЛҒАН ЖОҚПЫН

Фото: Qainar.kz

Мен бірден жарық жұлдыз бола қалған жоқпын. Барлығы уақыт өте келді. Мен ең төменнен біртіндеп жоғарыға көтерілдім. Сондықтан мен кез-келген адамның жағдайын түсінемін. Адамдар мен әлемге қандай адамгершілікпен қамқорлықпен қарау керектігін білемін. Мен өзімнің табандылығымның, менің тобымның және өнерімді сүйетін жандардың арқасында жұлдыз атандым. Сондықтан мен әлем бойынша менің фильмдерімді қаншама жанкүйерлерім көріп, бақылап отырғандықтан оларға өзімнің әлемімді көрсеткім келеді. Менің фильмдерімде тілдік оқшау жоқ. Яғни менің туындыларымды көрген кез-келген адам оны толықтай түсініп, мән-мағынасына бойлай алады.

МЕН ӘЛЕМ БОЙЫНША ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСАМЫН

Фото: Qainar.kz

Мен қашан да қайырымдылық саласында жұмыс істеуге дайынмын. Бұқаралық ақпарат құраладарының арасындағы достарыма өтініш айтқым келеді. Мен Қазақстанды жақсы білмегендіктен олар менің көмегім қажет мәселелерді көбірек жазса екен. Мен әдетте әлем бойынша қайырымдылықпен айналысамын. Дәл осы БАҚ өкілдері маған меннен қандай көмек қажет екендігін айтады.

 

 

 

 

 

 

Айнұр РАКИШЕВА

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper