28.05.2018 07:20

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


Оңтүстік Қазақстан облысында «Этноартфест» фестивалі өтті

Жексенбі, 20 Тамыз 2017 18:20

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде QazaqGeography қоғамының ұйымдастыруымен «Этноартфест» фестивалі өтті.

Фото: sugnpp.kz

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет өткізілген фестивальдің мақсаты табиғи парктің сұлулығымен таныстыру, тау туризмі машықтарын игеру және дамыту, сондай-ақ ұлттық мәдениетке тереңінен үңілу, өңірге туристерді тарту, тау туризмін насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының тамаша табиғатын, қонақжайлығын көрсету. 

Фото: Мария Захарова

Фото: Мария Захарова

Фестивальдің қонақтары тау өзеніне апаратын, 2200 метр биіктікте орналасқан әсем Кергелі шатқалы бойымен серуендеп, 2700 метр биіктікте орналасқан, көптеген жартасқа салынған суреттері бар, ашық аспан астындағы мұражай - «Бабалар алаңына» шықты.

Фото: sugnpp.kz

 Фото: sugnpp.kz

 Фото: sugnpp.kz

 Фото: sugnpp.kz

Фото: Алмас Джаксылыков

Оңтүстік Қазақстан облысының ең биік жері – Өгем жотасының 4238 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шығып, өңірдің ең көрікті жерлері көрді.

Фото: Алмас Джаксылыков

Фото: Алмас Джаксылыков

Фото: Алмас Джаксылыков

Экстремальды демалысқа әуестенетіндер 2200 метрлік Солнечный асуына скайраннинг, яғни жаппай жүгіру мүмкіндігіне ие болды.

Скайраннинг – бұл Оңтүстік Қазақстан облысында танымал болып келе жатқан, жас шамасына шектеу қойылмайтын спорт түрі.

Фото: Алмас Джаксылыков

Фото: Алмас Джаксылыков

 Фото: Алмас Джаксылыков

 Фото: Алмас Джаксылыков

Фото: Алмас Джаксылыков

Фото: Алмас Джаксылыков

Лагерьде «Қолөнер қалашығы», «Қазақ ұлттық ойындары» және «Қазақ ұлттық асханасы» алаңшалары бой көтерді. Ол жерлерде Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени орталықтарының өкілдері қазақстан халқының көп ұлтты мәдениеті атмосферасын қалыптастыратын интерактивтік іс-шараларды өтті. Фестиваль қонақтары әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты. Арнайы құрылған сахнада концерттік бағдарламаларды тамашалады. Қолөнершілердің туындыларымен танысып, шеберлік сағаттарына қатысты.

Фестивальді ұйымдастырушылар, мұндай формат қонақтардың оңтүстік халқының бүкіл кереметтігін, байлығын, жомарттығын және қонақжайлылығын жақсы тануға мүмкіндік беретіндігін айтады.

Айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «QazaqGeography» қоғамы бірлесіп өткізген шараға бас-аяғы 500-ге тарта қонақ қатысты.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper