28.05.2018 07:19

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


Астана көшелерімен тарихтан сыр шертетін керуен өтті

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 23:47

Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндері аясында Астана қаласының бас көшелерімен «Түркі елінің түп тамыры-Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуені жүріп өтті.

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

«Ғашықтар»  алаңынан басталып «Бәйтерек» алаңына дейінгі аралықты қамтыған керуеннің сапында  Алтын адам, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби сынды тарихи тұлғалар мен ғұламалар, хандар мен батыр, билер бейнесіндегі өнер азаматтары, ЭКСПО аруы мен ұлттық киім киінген әнші, бишілер, цирк өнерпаздары және тайқазан, арба сынды ұлтық құндылықтарымызды айшықтайтын бұйымдар бар.

Фото: Самат Мырзалиев

Керуен басы «Қазына», «Шаттық», «Шамсинур» би ансамбльдерінің орындауындағы «Мереке думан» биімен бастау алып, «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» мерекелік концертімен қорытындыланды. 

Фото: Самат Мырзалиев

Фото: Самат Мырзалиев

Концертте ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Таженова «Домбыра туралы баллада» орындаса, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблі заманауи шығармалар ұсынды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері «ЭКСПО-2017» туралы ән шырқап, «Семсер» тобы "Отырардағы той" əнімен өңірдің киелі өлкесін дəріптеді. Сонымен қатар, "Өркен" отбасылық ансамблі, "Асу" триосы мен көптеген өнер саңлақтары  өнер думанымен Астана кешін асқақтатты. Оңтүстіктің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, эстрада əншісі Гүлнəр Сиқымбаева астаналық көрерменді əсем даусымен тəнті етті. Кеш бойы көрерменді ән мен күйге бөлеген Оңтүстіктің өнер майталмандары бүгінгі кеште 30-дан аса таңдаулы нөмірлерімен ел ықыласына бөленді.

Фото: Самат Мырзалиев

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Сəдібеков Ұласбек Сəдібекұлы еліміздің барлық облыс әкімдері қол қойған ЭКСПО туын «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Жошыбаев Рапиль Сейтханұлына салтанатты түрде табыстады.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи келбетін танытқан өнер көшіне 500-ге жуық өнерпаз қатысып, жергілікті композиторлар Ш.Қалдаяқов, С.Бəйтерековтің əндерін қосыла орындады.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында күнгей жерінен келген 1 мыңнан астам əртістер астаналықтарға өз өнерлерін ұсынатын болады.

Естеріңізге саламыз, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper