19.11.2018 07:33

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Астана көшелеріне табиғи газбен жүретін автобустар шықты

Сейсенбі, 18 Шілде 2017 15:19

Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының ынтымақтастығының аясында Астана көшелеріне шыққан табиғи газбен жүретін шатлл-бастар БАҚ өкілдеріне таныстырылды.

Ынтымақтастық аясында 26 маусымнан бастап  ЭКСПО көрмесінің қонақтарын тасмалдау үшін Өзбекстан Республикасы «JV MAN auto-Uzbekistan» өзбек-герман кәсіпорнының 4 қоғамдық көлігін ұсынды.

 

Фото: Айнұр Марат

Бұл күнде Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының игілігіне қызмет етіп жүрген қоғамдық көліктер ЭКСПО көрмесі кезінде тегін түрде жолаушылар тасмалымен айналысып келеді. Халықты көрме өтетін орынға жайлы әрі қауіпсіз түрде жеткізіп жүрген MAN A22 автобустары EEV жетілдірілген экологиялық стандарттар бойынша сертификатталған және үнемділік тарапынан төмендітілген жанармай есебінен ол «EXPO-2017» көрмесінің тақырыбына толықтай сай келіп отыр.

Фото: Айнұр Марат

Газбен жүретін автобустарды Астана аумағында газды өндірістік-тұрмыстық мұқтаждық пен газ моторлы жанармай үшін отын ретінде жалғыз жеткізуші болып отырған «Global Gas Group» компаниясы қамтамасыз етіп отыр.

Фото: Айнұр Марат

Шара аясында БАҚ өкілдері автобустармен қатар Астанада қоғамдық көліктерді экологиялық таза және үнемді отынмен қамтамасыз ететін алғашқы авто-газдандыру станциясының жұмысымен де танысып қайтты.

Фото: Айнұр Марат

«Global Gas Regazification» ЖШС директоры ПАНАЕТ САУЛИДИДІҢ айтуынша, мұндай отынмен қамтамасыз ететін шағын станциялар үлкен станцияларды салу қажеттілігін азайтады.

- Бұл заманауи технологиямен жабдықталған станция жанармаймен жылдам қамтамасыз етуге болатындығын дәлелдеп отыр. Мұндай станция күніне 200 куб метр газ тұтынатын 100 көлікке қызмет көрсете алады. Сығымдалған газбен толтырылған автобус 350-360 километр жүріп өте алады. Бұл ең алдымен экологияның тазалығын сақтайды және дизельді жанармайға қарағанда екі есе арзан. «Global Gas Group» компаниясының газды отынын алғаш тұтынушы да осы «EXPO-2017» көрмесі аясында Астанаға алып келінген өзбекстандық газмоторлы жанармаймен жүретін заманауи автобустары, - дейді компания басшысы.

ШОХРУХБЕК АБДУСАЛАМОВ, «JV MAN Auto – Uzbekistan» компаниясының Маркетинг және жарнама бөлімінің бас менеджері:

 

- Қазақстан мен Өзбекстанның өзара әріптестігінің аясында және Өзбек елінің «EXPO-2017» көрмесіне қатысуына байланысты өз тарапымыздан 4 автобус ұсынып отырмыз. Олар Астана қаласының қонақтарын қонақүйден көрме аумағына тегін алып барып жүреді. Бұл автобустар толығымен сығылған табиғи газда жұмыс істейді. Ол дизелді отынмен салыстырғанда әлде қайда экологияға зиянын тигізбейді. Сонымен қатар, қаражатты 2-3 есе үнемдейді. MAN A22 автобустары қауіпсіздігімен, жайлылығымен және үнемділігімен ерекшеленеді, - дейді.

Бұдан өзге, қалада жүруге арналып жинақталған бұл автобус балалардың да, мүмкіндігі шектеулі жандардың ба қоғамдық көлікке еш кедергісіз кіріп-шығуына ыңғайландырылған.

ДАНИЕЛЬ СЕРЖАНҰЛЫ, «Астана ЭКСПО» ҰК Туризм және ілгерілету департаментінің бас менеджері:

- «EXPO-2017» көрмесіне қатысушы Өзбекстан елінің көліктері қалалық қоғамдық көлік бағдарымен әуежайдан, қонақүйлерден жолаушыларды көрмеге дейін ақысыз негізде тасмалдайды. Біріншіден, жаңа дәуірдің газбен жүретін көліктері біздің тақырыпқа толықтай сәйкес келеді. Екіншіден, жалпы қонақтарды көрмеге алып келуге бұл қосымша мүмкіндік. Бұл келушілердің санын арттыруға үлесін қосады. Себебі, әрбір қонақүйге келген адам көрмеге қалай бару, қалай жетуін білмеуі мүмкін немесе жәй жұмыспен келген болуы мүмкін, олар осындай тегін әрі жайлы көліктің барын біліп, отырып  келіп кетуі мүмкін. Немесе әуежайдан келген адам экспресске отырып қалаға жетіп алады ғой. Ал бұл автобустардың бірінші тоқтайтын нүктесі көрме, ол да біз үшін жақсы. Бұл автобустар логистика жағынан бізге өте қолайлы, әрі ыңғайлы болып табылады, - дейді.

 

Фото: Айнұр Марат

Ал бұл автобустарды біраз уақыт қалада айдап жүрген жүргізушілер MAN A22 шатлл-басы өзінің жайлылығымен халықтың көңілінен шығып жатқандығын айтты.

 

БАҚЫТ ҚАСҚАБАЕВ, жүргізуші:

-  Біздің автобустарға отырған жолаушылар бірден автобустың әдемілігіне назар салады. Әсіресе, жүргізушілер бізден автобустың немен жүретіндігін сұрайды. Газбен жүретіндігін айтқанымызда оның үнемділігіне, әрі арзан түсетіндігіне қызығады. Мен автобус айдап жүргеніме 32 жыл болды. Қанша автобус айдап жүрміз, бірақ шыны керек бұл автобустар автомат қораппен жабдықталғандықтан қаланың ішінде өте ыңғайлы, жүргізушіні де шаршатпайды.

 

АҚЫЛБАЙ ҚАЗЫБАЕВ, жүргізуші:

-  Менің еңбек өтілім 30 жыл. Бұған дейін Қытайдың да, Ресейдің де көліктерін жүргізіп көрдім. Жақында мына Өзбекстаннан шыққан автобусқа отырдым. Жүргізушілерге ыңғайлы, жүрісі жайлы. Сыртында ЭКСПО деп жазылып тұрғандықтан халық көбіне көрмеге барады ма деп, жолақысы қанша деп сұрап жатады. Көрме уақытында жүру тегін екендігін айтқанымызда, ризашылықтарын білдіріп отырып жатады. Әсіресе жайлы екен деп айтып жатады. Автобус таңғы 9-дан түнгі 10-ға дейін жүреді. 

Qainar.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары «ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалады. Материалды көшіріп жариялау редакцияның рұқсатымен жүзеге асады және Qainar.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper