26.09.2018 21:05

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Мүгедектік – бизнес бастауға кедергі емес

Дүйсенбі, 16 Сәуір 2018 16:24

Астанада «Elaman» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа ресур орталығы ашылды.

Мақсаты мүгедектерді заманауи технологиялар арқылы еңбек етуге баулып, кәсіпкерлермен байланыстырып, кәсіп ашуға жол көрсету.

Фото: Айнұр Ракишева

Жаңа кеңседе оқу орталығы, шығармашылық бейімдеу клубы және психологиялық қолдау көрсетуге және мүгедектердің құқығы туралы ақпарат беруге арналған call-орталық болады.

Бүгін арбаға танылған жандарды еңбекпен қамтуға және әлеуметтік ортаға бейімдеуге арналған жаңа ұйымды «Beeline Қазақстан» компаниясы «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасының аясында компьютерлермен, тегін ұшқыр интернетпен жабдықтады.

Фото: Айнұр Ракишева

«Elaman» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы Алмаз Ержанның айтуынша, орталықтың «инклюзивті дизайн» атауы Астанадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құру мақсатында дүниеге келді.

- Біз команданы жинап, кеңсені жалға алдық, арбаға танылған жандардың қажеттіліктерін ескер отырып, оны жөндедік. Бұл ұзақ мерзімді жоба, алға қойған жоспарларымыз өте көп. Соның ішінде, біз сарапшыларды, еріктілерді дайындау курстарын ашамыз. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысқысы келгендерді тағылымдамадан өткіземіз, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін заңгерлік кеңес береміз, - деді.

Фото: Айнұр Ракишева

Сонымен қатар, қордың www.inva.kz ақпараттық сайты бизнес пен мүгедектігі бар жандардың арасында байланыс алаңын құруды қолға алып жатыр. Яғни, жұмыс істеуге ниетті азаматтарды бір сала бойынша машықтап, жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді.

Алмаз Ержановтың айтуынша, мұндағы мақсат, белсенді мүгедектерді заманауи технологиялар арқылы еңбек етуге баулып, мықты команда құру. Министрліктерге, әкімшіліктерге және шенеуніктер тек қана дені сау адамдар ғана емес, мүмкіндігі шектеулі болса да қазіргі заманда интернет арқылы да тиімді еңбек ете алатындығын көрсету. Бұл орталықта біз бизнес ортаны қалыптастыруды көздейміз.

Фото: Айнұр Ракишева

Фото: Айнұр Ракишева

«Beeline Қазақстан» компаниясының бас атқарушы директоры Александр Комаров жоба ұйымдастырушыларын жаңа заманауи digital-кеңсенің ашылуымен құттықтап:

- Біз инновация мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдететінін әлдеқашан түсінгенбіз. Өмірлік ұстанымы мықты жандарға жәрдем беретін, керемет жобаға қатысу көңілге қуаныш сыйлайды. Сол үшін «Beeline Қазақстан» Алмаз Ержановтың бастамасына, оның әлеуметтік жобаларға деген инновациялық көзқарасына қолдау көрсетті, - деді.

Фото: Айнұр Ракишева

Енді технологиялық базамен жабдықталған орталық онлайн-курстар, видео-конференциялар жүргізіп, әлеуметтік желідегі, инетрнеттегі өзге де ресурстарын дамытуға мүмкіндік алып отыр.

Фото: Айнұр Ракишева

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұл күні Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүгедектік тобын белгілеу процедурасын қайта қарау жоспарлануда. Енді мүгедектік науқастың өзінсіз, дәрігерлік комиссия шешімі негізінде берілетін болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 600 мың. Оның ішінде 82 мыңы мүгедек балалар, 400 мыңнан астамы еңбекке қабілетті жастағы мүгедектер. Оның 280 мыңы еңбекке қабілетті. Бұл күні 280 мыңның ішінде 124 мыңы реми түрде жұмыспен қамтылған.

Фото: Айнұр Ракишева

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Астанада нысандардың мүгедектерге қолжетімділігі ақсап тұр. Бұл күні бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы ЖӨБ қызметін үйлестіру және арнайы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Илья Скуб әңгімеледі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астанада мүгедектердің қозғалысына қолайсыздық туындатытан 774 нысан бар. Оның 506-сы бейімделу шаралары жүргізілді.

- Бәрі керемет болып кетті деп айта алмаймын. Себебі әкімшілік нысандардың иелерін бұл үшін жазаға тарту құзіреті жоқ. Сондықтан, бұл мәселеге немқұрайлы қарамай құқық бұзылып жатқандығы туралы арыз, өтініш жазатын азаматтардың саны көбейсе екен, - деді.

Фото: Айнұр Ракишева

2016 жылы құрылысы барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділік сақталмаған нысандар 1 млн 200 мың теңгеге, 2017 жылы 900 мың теңге айыппұл салынған.

 

Авторы: НҰРТАС САПАРОВ

АЙНҰР РАКИШЕВА

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper