28.05.2018 07:05

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


2019 жылы МӘСҚ Ұлттық банктегі шотына 114 млрд теңге жиналады

Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018 10:51

Медициналық сақтандыру қоры жүйе іске қосылғанға дейін міндетті жарна есебінен 114 млрд теңге қаржы жинауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы ҚР Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, қор болжамынша бұл қаржы келер жылдың қаңтарына дейін жиналуы тиіс. Өйткені, соңғы ұсыныстар бойынша жүйені іске қосу мерзімін 2019 жылға шегеру жоспарланған. Қазір өкілетті органдар тиісті заң актілеріне өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Мамандар бұл қаржы қордың толыққанды жұмыс істеуіне жеткілікті деген болжам жасап отыр. Себебі, қазақстандық сақтандырудың негізгі принциптерінің бірі - кепілдіктер мен міндеттемелер тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Сондықтан сақтандыру жүйесінде қаржы тапшылығы болмауы тиіс, дейді қор өкілдері.

 

АҚПАРАТ

Былтыр шілде айында жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар жаңа жүйеге жарна аударуды бастаған болатын. Жыл соңында енгізілген өзгерістерге байланысты, жұмыс берушіден басқасы 2020 жылға дейін жарна төлеу міндетінен босатылды. Содан бергі сегіз айда қорға түскен аударымдар мөлшері 47 млрд теңгеден асқан.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper