15.12.2018 10:43

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


ҚазАгро несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосты

Жұма, 02 Наурыз 2018 12:57

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қолайлы жағдай жасау үшін іске асырған  несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесіне жаңа қызмет түрін енгізді.

Бұл туралы Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева хабарлады.

«ҚазАгро» Холдингі өкілінің айтуынша, бұған дейін ауылдық жерлерде Несие серіктестері және Микроқаржылық ұйымдар арқылы кәсіпкерлерге берілетін қарызға кепілдік өтінімдерін енді жүйе арқылы беруге болады.

Айгүл Мұхамадиева еске салып өткендей, Холдингтің еншілес компаниясы – «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы енгізілген қарызға кепілдік бағдарламасы өз жұмысын істеуде. Бұл компания ауылдық жерде кәсіпкердің кепілдікке қоятын мүлік жетіспеушілігі туындаған жағдайда мемлекет тарапынан кепіл бола алатын кепілгер болып табылады. Кепілдіктер ауыл бизнесінде, әсіресе бастапқы кәсіпкерлер үшін қаржылық көздерге қолжетімдікті арттыра түсетіні сөзсіз. 

Несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған Жүйесін «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі өткен жылдың жазында іске қосқан болатын. Оның мақсаты – Холдингтің еншілес компаниялары /«Аграрлы несие коропрациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ/  арқылы ауыл шаруашылық кәсіпкерлерін несиелендіру процессін оңтайландыру. Несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі көмегімен әлеуетті қарызгер несие немесе лизинг  өтінімін Холдинг несиелендіруші компанияларының кеңселеріне келмей-ақ жүйе арқылы алуына болады, бұл уақыт және жолға кететін шығындарды қысқартады. 

 

АҚПАРАТ

Несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі шеңберінде Холдинг компаниялар тобы көрсететін қызметтер туралы кез келген сұрақтарға жауап алудың  үш жолы бар: ол (8 800 080 89 87) call-орталық тегін нөмірі, on-line көмекші және электронды пошта. Мұнда мамандар әрқашан көмектесіп, кәсібі кеңестерін береді. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper