18.10.2018 05:03

363.26
420.11
52.45
5.25
5.54
63.96


Туберкулездің бизнеске ықпалы

Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 16:18

Наурыз айында елімізде туберкулездің бизнеске ықпалы жөнінде, бизнес құрылымдары өкілдеріне сауалнама жүргізу түріндегі жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форум сауалнамасы өткізіледі. 

Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қатысушылар қатарында шағын, орта, ірі бизнес өкілдері болады. Дүниежүзілік экономикалық форум сауалының қорытындысы бойынша халықтың туберкулез жөніндегі сауаттылық деңгейі бағаланады.    Бизнес басшыларының туберкулездің бизнеске ықпал ету қаупінің жоқ екендігін объективті түрде бағалауы  еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингінің өсуіне және инвестиция тартудағы өзіндік тартымдылығының артуына септігін тигізеді.

Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы  100 мың халыққа шаққанда 2007 жылғы 126,4-ке қарсы 52,2-ні құрады.  Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеп, 3,0-ді құрады.      

Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінде өткен «Туберкулездің бизнеске ықпалы» брифингінде Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалатындығын айтқан ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры  Мәлік Әденов:

- Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2017-2018 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысына сәйкес «Туберкулездің таралуы»  факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен  салыстырғанда 2 позицияға жақсартты және 138 елдің ішінен 90-орын алды, - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері қолданылуда.  Барлық облыстық, қалалық және өңірлік туберкулезге қарсы ұйымдардағы бактериологиялық зертханаларда туберкулезді және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезді тез диагностикалау  (2 сағат ішінде) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық зертханалық технологиялар енгізілген.

Сондай-ақ, Қазақстанда туберкулезді біріккен (интеграцияланған) бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда. Яғни, туберкулез микобактерияларын шығармайтын және айналасындағы адамдарға қауіп тудырмайтын пациенттер тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда амбулаториялық ем қабылдайды.

2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша амбулаториялық жағдайда ем қабылдауды бастаған туберкулезге шалдыққан науқастардың үлес салмағы 25,1%-ға өсіп, 40,3% құрады. Елімізде туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу нәтижелілігі айтарлықтай жоғары.  Атап айтқанда, еліміз бойынша алғаш айқындалған туберкулезге шалдыққан науқастардың сауығып кетуі 2016 және 2017 жылдарға сәйкес 86,9% және 87,0% құрады. Ал,  көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез жағдайы үстіміздегі жылы жақсарып, 2016 жылғы 74,8% көрсеткішіне қарсы 78,2% құрады.

Елімізде туберкулезді жаңа дәрілермен емдеудің қысқа мерзімді схемалары енгізілуде. Сонымен қатар, Қазақстанда туберкулезді алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізілетіндігін ескерте кету қажет. Тез диагностикалау әдістері мен тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектер арқасында туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп, дүниеге дені сау сәбилер әкеліп, мәнді де мағыналы өмір сүре алады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper