14.08.2018 17:16

363.22
413.42
52.78
5.33
5.35
52.82


10 миллион адам екі жылдан кейін сақтандырыла бастайды

Сәрсенбі, 07 Ақпан 2018 12:47

Мемлекет жеңілдігі бар 14 санаттағы 10 миллион адамды екі жылдан кейін сақтандыра бастайды.

Бұл жөнінде Алматы қаласының қоғамдық қабылдау бөлімі өткізген жиында айтылды.

Медициналық сақтандыру - денсаулық сақтау саласына ғана қажетті реформа емес. Ол ел экономикасының барлық салаларына қатысты мәселе. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды экономикаға тарту қай кезде де өзектілігін жоймайтының айтқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Зәбира Оразалиева:

- Біреудің малын бағып, ауласындағы шаруасын тындырып жүргендердің барлығы дерлік жұмыс берушімен еңбек келісімшартын бекіте қоймайды. Сол себепті аталған санаттағы азаматтарды толығымен жүйеге тарту қиындық тудырмақ. Жалпы, қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін шешу тетіктері жан-жақты қарастырылып жатыр. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты жылдың соңына дейін аяқтауы тиіс, - деді.

Отырыста кәсіпкерлер мен журналистер тарапынан қойылған  «Жүйе 2020 жылы енгізілетін болса, біз не үшін жарна аударуымыз керек?»  деген сауалына  МСҚ басқарушы директоры:

- Мәселен, былтыр желтоқсан айының соңына дейін Қорға 30 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, сақтандыру шеңберінде бір айда көрсетілетін қызметтер ақысы 50 млрд теңгеден асып жығылады. Ендеше, Қордың жарты жыл бойы жинағаны бір айлық қызмет ақысын төлеуге де жетпейді. Халық арасында жинақталған қаржыға қатысты алаңдаушылық бары рас. Ол қаржы сақтандыру жүйесінің резерві ретінде сақталады. Бұл резерв реформаның табысты жүзеге асуы үшін өте қажет. Одан бір тиын да шашау шықпайды, - деді.

 

АҚПАРАТ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жұртшылықпен байланыс департаментінің хабарлауынша, жеке кәсіпкерлер өзі үшін қорға жарна төлеу міндетінен екі жылға босатылды. Олардың 2017 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығында төлеген жарналары Қордың Ұлттық банктегі шотында сақталады. Қазір жарнаны жеңілдетілген тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер төлеп жатыр. Салық декларациясын жарты жылда бір рет тапсыратын бұл санаттағылар өткен жылдың алты айы үшін жарнаны ақпан айының 25-іне дейін төлеп болуы тиіс. Бір айта кетерлігі, қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар кәсіпкерлер жұмыс беруші ретінде жарна төлеуді ұмытпағаны абзал. Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар да 2020 жылға дейін жарна төлемейді. Мемлекет те жеңілдігі бар 14 санаттағы 10 миллион адамды екі жылдан кейін сақтандыра бастамақ. Яғни, жоғарыда аталған санаттардың бәрі сақтандыру жарнасын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған кезден бастап төлей бастауы тиіс. Ал, жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлері үшін аударым жасауды тоқтатпайды. Былтыр жұмыс берушілер әр жұмыскер үшін жалақының 1 пайызы көлемінде ақша аударған болса, биылдан бастап бұл көрсеткіш 1,5 пайызға жетті.   

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper