23.05.2018 20:46

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 927 млрд теңгені құрады

Сейсенбі, 30 Қаңтар 2018 14:54

Қазақстанның сақтандыру нарығында 32 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді, оның 7-нің «өмірді сақтандыру» саласы бойынша және 25-нің «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар.

Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Жанат Құрманов айтты.

Оның айтуынша, сақтандыру компанияларының жиынтық активтері соңғы 5 жыл ішінде 2 есе өсіп, 2018 жылғы 1 қаңтарда 927 млрд теңгені құрады. Жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2017 жылы 370 млрд теңге болды. Оның шамамен жартысын мүлікті ерікті сақтандыру және ерікті жеке сақтандыру мен міндетті сақтандырудың әрқайсысы төрттен бірін құрайды.

Ерікті сақтандыру түрлері, оның ішінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті (АҚЖ), автокөлікті сақтандыру және өмірді сақтандыру айтарлықтай белсенді дамуда. Сақтандырудың осы түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2 еседен аса ұлғайды. Халық арасында сақтандыру қызметтеріне деген сұраныстың өсуі байқалады. Жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі соңғы 5 жылда 2,2 есе ұлғайды. Жеке тұлғалармен жасалған 5 млн-нан аса шарт бар, оның 2,9 млн-ыкөлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру жөніндегі және шамамен 1 млн-ы өмірді ерікті сақтандыру жөніндегі 404 мыңы жазатайым жағдайлардан сақтандыру жөніндегі және 183 мыңы ауырған жағдайдан сақтандыру жөніндегі шарттар құрайды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper