23.05.2018 20:40

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


Халықаралық клирингтік байланысты дамытуға арналған меморандумға қол қойылды

Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 23:12

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасы және Euroclear Банкі Қазақстан үшін жаңа халықаралық клирингтік байланысты дамытуға арналған меморандумға қол қойды.

Меморандум нарықтық ортаны құруды қолдау үшін серіктестікте қызмет жасау ынтасын айқындайды, ол Euroclear арқылы шетелдік инвесторлардың қазақстандық жергілікті қағаздарға қол жетімділігін қамтамасыз ететін болады.

Бұл келісім өз кезегінде, әлеуетті қарыз алу құнын төмендетуге және инвесторлық базасын кеңейтуге мүмкіндік беретіндігін айтқан ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов:

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті ретінде Euroclear арқылы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына резидент еместердің тура қол жетімділігін қамтамасыз етуде мемлекеттік бағалы қағаздарды тиімді бәсекелестік шартта орналастыруға мүмкіндік береді, - деді.

Euroclear-да ETF капитал нарықтары, қорлар мен қызметтер бағыттары бойынша ғаламдық бөлемшенің директоры Стефан Пуйаның айтуынша,  Euroclear-ны енгізу нарыққа біртұтас, өтімділіктің қуатты пулын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және нәтижесінде ол мықты макроэкономикалық пайдаға, оның ішінде облигациялар бойынша табыстылықты төмендетуге, сондай-ақ жергілікті активтердің өтімділігін арттыруға әкеліп, ол өз кезегінде, терең, тұрақты және ірі жергілікті нарықты жасайды.

Жалпы, бұл өз кезегінде қазақстандық эмитенттерге жергілікті бағалы қағаздарды 90-нан артық елдердің 2000-нан аса қаржылық институттарды қосатын клиенттері бар АА+ рейтингісімен бағалы қағаздардың халықаралық орталық депозитарийі  Euroclear платформасы арқылы тура, қарапайым және тиімді түрде шығаруға мүмкіндік береді.

Әлемдегі пост-трэйд қызметін жеткізудегі алдыңғы қатарлы және сенімді жеткізушілердің бірі болып табылатын Euroclear-дің Қазақстанның нарық капиталының дамуына қатысуы Қазақстанның қаржы нарығында тиімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

- Euroclear арқылы қазақстандық эмитенттер «Астана» Халықаралық қаржы орталығының біртұтас платформасында жергілікті және халықаралық инвесторларға да қол жетімділікке ие бола алады. Уақыт өте келе бағалы қағаздар эмитенттері үшін қарыз алу құны төмендеп, Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін тигізеді деп күтілуде, - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов.

 

АҚПАРАТ

АХҚО. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы желтоқсанда «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталықты қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

Euroclear компаниялар тобы – пост-трейд үшін қаржылық қызметтердің сенімді жеткізушісі. Топ облигациялар, акциялар, деривативтерден бастап, инвестициялық қорларға дейін ішкі және транс шекаралаық бағалы қағаздармен есеп,  сақтау және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Euroclear – өз клиенттері үшін жаһанды түрде тәуекелдерді төмендетуді, автоматтандыруды және тиіміділікті қамтамасыз ету үшін бағытталған капитал нарығының тексерілген, тұрақты құрылымы.

Euroclear компаниялар тобы Fitch Ratings и AA Standard & Poor's -пен, сондай-ақ Euroclear Belgium, Euroclear Finland, Euroclear France, Euroclear Nederland, Euroclear Sweden и Euroclear UK & Ireland AA + болып бағаланатын Euroclear банкін қамтиды. 

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper