26.09.2018 21:18

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Данияр Ақышев: Валюта нарығындағы ахуал тұрақты

Дүйсенбі, 15 Қаңтар 2018 12:35

Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Ұлттық валютаның орта мерзімді болашақта бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасуда. 2017 жылы теңге АҚШ долларына қатысты номиналдық көрсеткіш бойынша 0,3%-ға нығайды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Ол 2017 жылғы 11 айда нақты тиімді айырбастау бағамы индексі жыл басынан бастап іс жүзінде өзгермегенін айтты. Теңге нақты көрсеткіш бойынша АҚШ долларына қатысты 4,6%-ға, юаньға қатысты 0,8%-ға нығайды, ал еуро мен рубльге қатысты тиісінше 5% және 0,8%-ға әлсірегенін көрсетті. Нақты тиімді айырбастау бағамының индексі 2013 жылғы желтоқсандағы бәсекеге қабілеттіліктің базалық деңгейіне қатысты 21%-ға әлсіреді, бұл Қазақстан тауарларының бағамдық бәсекеге қабілеттілігін сақталғанын растайды.

- Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері алдын ала деректер бойынша жыл соңында 31,1 млрд АҚШ доллары болды. Бір жылда өсу 4,7%. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері жыл соңында 57,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 88,8 млрд АҚШ доллары болды, - деді Данияр Ақышев.

 

АҚПАРАТ

Жыл басынан бері депозиттер көлемі 2,7%-ға төмендеп, қарашаның соңында 17,7 трлн теңге болды. Шетел валютасындағы салымдар 13,4%-ға қысқарды, теңгемен салымдар 10%-ға өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 48,6%-ға дейін төмендеді.

Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлемі 11 айда 1,8%-ға 13 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен кредиттер 10%-ға 9,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 15,3%-ға қысқарды.

Заңды тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелердің 2017 жылғы қаңтардағы 15,2%-дан қарашада 13,4%-ға дейін төмендеген.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper