23.02.2018 04:30

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


Жаңа жылда жаңа тариф немесе қымбатшылық басталды

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 14:24

Елімізде жаңа жылмен келетін қымбатшылық басталды. 1 қаңтардан бастап Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында газ қымбаттаса, Солтүстік Қазақстан облысында электр қуаты 5 пайызға қымбаттады.

Бұл күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұтынушылары үшін тауарлық газ бағасын көтеру туралы хабарлама жіберген.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұтынушылары үшін тауарлық газ бағасын көтеру туралы хабарлама жіберді. Бағаны қымбаттатудың негізгі себебі - Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қоғамдастықтың газ тарату жүйесі бойынша тауарлық газды тасымалдау қызметіне тарифтердің ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген шекті деңгейінің өзгеруі болып отыр. Сондай-ақ шикізат пен материал құнының, өзге ұйым қызметтерінің қымбаттауы сынды тауарлық газды бөлшектеп сату бойынша қоғамдастық шығындары көбейіп кеткен», - делінген хатта ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бəсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев қол қойған.

Жаңа жылдан бастап Жамбыл облысында газ бағасы қымбаттады. Бұған дейін көгілдір отынның бір текше метрі 23 теңге болса, енді тұрғындар 24 теңге 35 тиын төлейтін болады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында газ бағасы соңғы рет 2017 жылдың тамыз айында қымбаттап, жеке тұлғалар үшін бір текше метр газ бағасы 34 теңге 5 тиын болып бекітілген.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында қаңтардың бірінен бастап электр энергиясы 5 пайызға қымбаттады. Енді қарапайым тұтынушылар әр киловатт сағатқа қосымша құн салығын қоса есептегенде 13 теңге 59 тиын төлейтін болды. Кәсіпкерлермен өзге де заңды тұлғалар үшін баға 5,2 пайызға артып, 16 теңге 32 тиынға дейін жоғарылады. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында соңғы рет электр қуатының бағасы 2015 жылдың соңында өскен еді.

Өңірді газбен қамтып отырған компания алдағы уақытта көгілдір отынның тарифін 15 пайызға өсіруді жоспарлап отыр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper