26.09.2018 20:54

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


2018 жылы АЕК мөлшері қалай өзгереді?

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 16:25

1 қаңтардан бастап еліміздегі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК), ең төменгі жалақының, базалық зейнетақының және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгерді.

ҚР "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 4 желтоқсанында қол қойған. Ал заңға сәйкес өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарында енгізілді.

  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) жәрдем ақы және әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ айыппұлдар, салық және басқа да төлемдер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - 2 405 теңге;
  • жалақының ең төменгі мөлшері ЖТМ - 28 284 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 15 274 тенге; зейнетақының ең төменгі мөлшері - 33 745 тенге;
  • базалық әлеуметтік төлем үшін ең төменгі күнкөріс минимумы - 28 284 теңге.

Өткен жылғы көрсеткішпен (2 269 теңге) салыстырғанда, биылғы АЕК мөлшері 136 теңгеге көбейіп, 2 405 теңгені құрады. Яғни 6%-ға ұлғайды.

Осыдан 10 жыл (2008 жыл) бұрынғы айлық есептік көрсеткіш 1 168 теңгені құраған екен. Содан бері АЕК өлшемі шамамен жыл сайын 100 теңгеден жоғары көрсеткішке көбейіп отырған көрінеді.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 28 284 теңгені құрады. Былтырғы көрсеткіш 24 459 теңге еді.

Ал 2000 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 2 680 теңгеге тең болған. Яғни 2000 жылдан бүгінге дейін аталған көрсеткіш 25 604 теңгеге көбейген.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері де өзгерді. 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi 15 274 теңгені құраса, зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 33 745 теңге.

2017 жылғы көрсеткіш тиісінше, 14 466 теңгеге және 31 245 теңгеге тең болған еді.

Ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы биыл 28 284 теңгені (2017 жылы 24 459 теңге болды) құрады.

Президент бекіткен «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, трансферттерді есепке алмағанда, 2018 жылы республикалық бюджеттің кірісі 5,528 трлн теңге көлемінде көрсетілген. Ал шығын көлемі – 9,218 трлн теңгені құраған.

 

АҚПАРАТ

Айлық есептік көрсеткіш еліміздегі зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұлдарды, салық төлемдерін есептеу үшін жыл сайын белгіленеді.

 

Дереккөз: Abctv.kz

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper