18.10.2018 04:33

363.26
420.11
52.45
5.25
5.54
63.96


Астанада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 620 пәтер беріледі

Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017 13:04

Желтоқсан айында берілетін нысанның 310 пәтерін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары жеңілдетілген заеммен ала алады.

Бұл жөнінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалы директорының орынбасары Әсел Төлеуғалиева хабарлады.

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қарқынды жұмыс жасап жатқандығын айтқан ол:

 

- Астана қаласында осы желтоқсан айында 2 нысан бойынша өтініш қабылдау жоспарланып отыр. Берілетін 620 пәтердің 310 пәтері әкімшілік тарапынан тізім арқылы, ал қалған 310 пәтер біздің салымшылар арқылы конкурстан өтеді. Яғеи, ай сайын толықтырған алғашқы жарнасының жинау көрсеткішіне байланысты Қазақстан азаматы және оралман статусы бар азаматтар «Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса алады. Бағдарлама бойынша несие 5 пайызбен тек жаңа үйлерге беріледі. Егер біздің салымшымыз қаражатын 3 жылдан астам уақыт бойы жинаған болса, жеңілдтелеген заем ала алады. Алғашқы жарна 30 пайыз, - деді.

 

АҚПАРАТ

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы Бағдарламаның артықшылықтары

 

Жаңа тұрғын үй

Бағдарлама жеке жаңа құрылыс жобаларына қатысуды қарастырады

 

Жеке тұрғын үй

ҚТҮҚЖБ арқылы жеке тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі

 

Қолайлы талаптар

Бағдарлама аясындағы алғашқы жарнасы үй құнының 30%-ын құрайтын несие бойынша мөлшерлеме 5%-дан басталады. Ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізу мүмкіндігі

 

Сатып алу

Бағдарлама тұрғын үй құрылыс жинақтары есебінен тұрғын үйді толықтай сатып алуды, сондай-ақ, тұрғын үйді сатып алу мақсатында заем рәсімдеуді қарастырады

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper