26.09.2018 14:44

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Apple корпорациясы жаңа екі құрылғыны патенттеуге өтініш берді

Сенбі, 25 Наурыз 2017 19:03

Apple корпорациясы iPhone-ды iPad-қа айналдыруға мүмкіндік беретін екі құрылғыны патенттеуге өтініш берді, - деп хабарлайды QAINAR.KZ.

 

Бұл құжат АҚШ-тың патенттеу және тауар белгілері Бюросының реми сайтында жарияланды. Құжатта құрылғы толыққанды ноутбукке қажетті барлық қосымшалармен жабықталатындығы жазылған. Алайда оның жұмыс істеуі үшін міндетті түрде iOS-девайс қажет болады.

Бірінші жағдайда, iPad экран ретінде қолданылады да, оған қосымша сенсорлы пернетақта қосылады. Ал екінші жағдайда, құрылғының өзі дисплеймен, алайда пернетақта ретінде iPhone қосылатын болады.

Айта кетейік, «Apple Inc» корпорациясының бас директоры Тим Кук 2015 жылдың соңында iPad пен MacBook-ты біріктіру жөніндегі ұсынысты сынға алған болатын. Оның айтуынша, екеуінің де өзінің тұрақты қолданушылары бар. Сондықтан да компания мұндай гаджетті шығаруға ниетті емес.

 

 

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper