21.05.2019 06:40

378.9
422.74
54.8
5.43
5.87
62.75


Алматыда жеке меншік клиникалар халыққа тегін қызмет көрсетеді

Сәрсенбі, 06 Наурыз 2019 11:07

Биыл Алматыда 104 жеке меншік клиника мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсетеді. Бұл қала бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет ететін 185 емдеу мекемесінің 56 пайызы.

Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

«Мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке клиникалар саны соңғы 2 жылда екі есе артты, - деді Т.Әбілдаев. – Сонымен қатар, жеке меншік сала өкілдері медициналық көмектің көптеген түрлерін көрсетуде белсенділік танытып отыр. Олардың саны Алматы қаласында ғана емес, республика бойынша бірнеше есеге артты».

Атап айтқанда, биыл оңтүстік астанада стационарлық көмек көрсететін жеке клиникалар саны 2018 жылмен салыстырғанда 11-ге, стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсететін клиникалар саны 7-ге, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін жеке субъектілер саны 4-ге көбейген.  

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper