24.04.2019 08:52

377.33
424.68
56.17
5.42
5.92
64.7


2018 жылы қазақстандық өнім 119 елге экспортталды.

Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 15:29

Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша қабылданған шаралардың арқасында 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспорт көлемі 24%-ға өсіп, $54,7 млрд құрады, оның ішінде өңделген өнімдер экспорты $14,3 млрд жетті. 2018 жылы қазақстандық өнім 119 елге экспортталды.

Алдағы үш жылда (2019–2021 жж.) салаға қосымша 500 млрд теңге бөлініп, бұл шикізаттық емес экспортты дамытуға жаңа серпін береді. Бұл 2021 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспортын 720 млрд теңгеге дейін, экспорттаушылар санын 411-ден 600 субъектіге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кешенінің (ТКМК) 100-ден астам кәсіпорнында инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу көзделген.

«Биыл ТКМК, химия, құрылыс және азық-түлік саласының 32 кәсіпорнында инновациялық және цифрлық технологияларды енгізуге қатысты 38 жоба іске асырылады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Өткен жылы Индустриялық дамудың үшінші бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталды.

Министрдің айтуынша, жаңа индустриялық саясат 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінде (2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда): еңбек өнімділігінің нақты өсімі — 1,7 есе, шикізаттық емес экспорттың құндық көлемінің өсімі — 2,3 есе, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты өсімі — 2 есе.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper