24.04.2019 08:06

377.33
424.68
56.17
5.42
5.92
64.7


Коммуналдық қызмет тарифі өзгереді

Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 15:09

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Президенттің Қауіпсіздік кеңесінде тарифтерді төмендетуге қатысты берген тапсырмасын орындауда.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендетілген тарифтерді азаматтар 2019 жылғы ақпандағы түбіртектерден көре алады, өйткені коммуналдық қызметтер тұтынылған коммуналдық қызметті айдың аяғында олардың ұсынылу фактісі бойынша қортындылайды.

Қазақстанның кейбір өңірлерінде тарифтің төмендеуі өткен жылы-ақ орын алған болатын. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының (Семей қаласы) тұтынушылары 2018 жылғы қыркүйекте жылумен жабдықтау қызметі бойынша 70,1 теңгеден 68,2 теңге/м2-ге (- 2,8%), Жамбыл облысы бойынша сумен жабдықтау - 48,14 теңгеден 40,8 теңге/м3-ге (-15,2%) және су тарту қызметіне - тиісінше 16,4 теңгеден 16,3 теңге/м3-ге (-0,4%) жаңа есептеулерді байқады.

2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылары жылумен жабдықтау қызметіне тарифтің 114,7 теңгеден 113,4 теңге/м2-ге (-1,1%) төмендегенін байқады.

Жылумен жабдықтау қызметінің тарифі Ақмола облысында 116,1 теңгеден 73,4 теңге/м2-ге (-36,8%) төмендеді. Тұтынушылар айырманы 2019 жылғы қаңтарда келген түбіртектен көреді.

Басқа өңірлерде тарифтер мен монополистердің реттелетін қызметі бағасының төмендеуі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап-ақ орын алды.  

Салалар бойынша жылумен жабдықтау бойынша жалпы төмендеу 3%-тен 22% аралығында құбылатынын атап айту қажет. Тұтынушылар 6 млрд.теңгеге дейін үнемдей алады. Ал сумен жабдықтау саласында 3%-тен 22%-ке дейін. Тұтастай алғанда, сумен жабдықтау және су тарту бойынша үнем 2 млрд.теңгеден асады.   

Газбен жабдықтау бойынша жалпы төмендеу еліміздегі газбен қамтылған өңірлерде 1,3%-тен 17,5%-ке құбылады, үнемдеу 5 млрд.теңгеге жуық.

Ең жоғары үнем электрмен жабдықтау саласында байқалады, ол - 14,5 млрд.теңгеден асады, төмендеу ауқымы 3%-тен 22%-ке құбылады. 

Еліміздегі орташа төмендеу - 8%-ке жуық, оның ішінде жылумн жабдықтау саласында  - 10%-ке, сумен жабдықтау және су тарту - 6-7%-ке, газбен жабдықтау - 7%-ке, электрмен жабдықтау - 8%-ке жуық. 

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер бойынша жалпы қаражат үнемдеуі тарифтерді төмендетудің қортындысында 40 млрд.теңгені құрайды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper