15.12.2018 11:33

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


Астанада жолақы 1 теңге болады

Сейсенбі, 20 Қараша 2018 09:53

Желтоқсан айының соңына дейін астаналықтар үшін қоғамдық көліктердің ақысы 1 теңге болады.

Бұл жөнінде Beeline Қазақстан ұялы байланыс операторының цифрлы бизнес жөніндегі бас директоры Олег Алдошин хабарлады.

«2018 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы күніне 2 рет SMS немесе QR-код арқылы 2 жолақыны 1 теңгеден төлей алады. Акцияның мақсаты – мобильді теңгерімнен төлеудің ыңғайлы, әрі тиімді екенін көрсету. Себебі, біз үйде әмиянымызды немесе банк картамызды ұмытып кетсек, ол үшін қайтып бармасақ та күніміз өтуі мүмкін. Ал негізгі байланыс құралы смартфонымызды ұмытып кетсек ол үшін қайтып оралмасақ, күні бойы жанымыз жай таппайтыны шындық. Тағы айта кетерлігі, бұл күні Beeline дүниежүзінде бірінші болып, mVisa стандарты бойынша теңгерімнен QR арқылы жол ақысын төлеу әдісін енгізіп отыр», -  деді Олег Алдошин.

«Қоғамдық көлікпен күн сайын 600 мыңға жуық жолаушы жүреді. Олардың 93 пайызы көлік картасын қолдануда. Шамамен 6 пайызы әлі қолма-қол төлем жасайды. «Астана LRT» компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатқан «SMS пен QR-төлемді Beeline Қазақстан» жобасы нақты ақшасыз төлеудің бір түрі, ол жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін енгізілген. Бұл әдіс жақында енгізілді, сондықтан оны жолаушылардың 1 пайызы ғана қолдануда. Бірақ алдағы уақытта сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Себебі, төлем әп-сәтте жүзеге асырылады және қосымша уақыт жұмсауды қажет етпейді», - деді «Астана LRT» ЖШС Төлем жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұрәлиев.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта SMS төлемді Астанадан бөлек Алматы, Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларының тұрғындары пайдалана алады.

 

АҚПАРАТ

Beeline Қазақстан ұялы байланыс операторының 1 теңгелік жолақы акциясын «Бәрі бар», «Бәрі», «Ұтымды микс» тарифтік жоспарларына қосылған барлық Астанада қаласының тұрғындары мен қонақтары қолдана алады.

Акцияға қатысу мүмкіндігін тексеру пәрмені *999#.

 

 

 

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР:

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper