22.07.2018 21:59

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Банктер 15,7 млн төлем карточкасын шығарды

Жұма, 24 Наурыз 2017 17:56

2017 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша банктер 15,7 млн төлем карточкаларын шығарды, - деп хабарлайды QAINAR.KZ Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 

2017 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша еліміздегі банктер 15,7 млн төлем карточкасын шығарса, оны ұстаушылардың саны 14,3 млн адам болды. Жіктеп есептегенде, барлық карточкалардың ішінде дебеттік карточкалардың үлесі 81,3%, кредиттік карточкалардың үлесі 14,8%, кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың үлесі 3,1% және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесі 0,8% құрады.

Айта кетерлігі, 2017 жылғы қаңтарда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 847,4 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 32,7%-ға өскен.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper