15.11.2018 19:10



Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталды

Сейсенбі, 06 Қараша 2018 13:05

«Асыл бала» қоғамдық қоры «Ғұмыр үшін» жобасы аясында Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жалпы құны 50 миллион теңге болатын соңғы үлгідегі медициналық жабдықтар сыйлады.

Құны 2 600 000 теңгені құрайтын sp 8800 автоматтық шприц сорғысы (5 дана), бағасы 28 080 000 теңге болатын Infusomat Space волюметриялық инфузия сорғысы (40 дана), құны 4 418 000 теңге тұратын iMEC  емделуші мониторы (5 дана) және құны 14 300 000 теңгені құрайтын өткір диализ үшін MultiFiltrate аппараты аурухананың балаларға арналған онкология және гематология бөлімшесіне жеткізілді.

Ультразаманауи медициналық жабдықтардың көмегімен дәрігерлер тиімділігі жоғары экстракорпоралды детоксикация процедураларын жүзеге асырады. Ал инфузия сорғыларының есебінен емделушілер (арнайы құрылғысыз есептеуге мүлдем келмейтін) химопрепараттарды нақты қажетті көлемде қабылдай алады.

«Біздің орталықтағы онкология бөлімшелерінде емдеу процедураларын жүргізу үшін дәл осы аппараттар өте қажет еді. Қазіргі уақытта инфузоматтар мен детоксикацияға процедураларын жүргізуге арналған жабдықтарды қолданысқа енгіздік. «Асыл бала» қоғамдық қорына уақытылы көрсетілген көмек үшін алғысымызды білдіреміз», - деді  қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ директоры Риза Боранбаева.

 

АҚПАРАТ

«Асыл бала» қоғамдық қоры «Ғұмыр үшін», «Білім жолы» интеллектуалды марафоны», «Күн әлемі» оңалту орталығы» және «Балалар – біздің болашағымыз» жобалары аясында, қайырымдылық мақсатында обыр ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге, Даун синдромына душар болған бөбектерге және зағип балаларды емдеуге атсалысады. Сондай-ақ, «UMC» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының төрт онлология бөлімшесіне қаржылай-материалдық көмек көрсетеді, білімдерін ерекше дамытуды қажет ететін дарынды балаларды  оқыту мен  олардың жан-жақты дамуына бағытталған жобаларға қаржылай қолдап келеді.

Одан өзге, «Асыл бала» қоғамдық қоры обырға шалдығып, еліміздің әр аймағынан Астана қаласына емделуге келген балалар мен олардың ата-анасын өз қарауындағы пансионатқа тегін жайғастырады және автокөлікпен қамтиды.

 

 

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР:

«СОЛНЕЧНЫЙ МИР» ОРТАЛЫҒЫ ТЕГІН ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛДЫ

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper