22.07.2018 18:38

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлінді

Сейсенбі, 10 Шілде 2018 16:26

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері Қазақстандағы халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. 

Хабарламаға сүйенсек, шілденің 9-ына дейін Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 396,9 млрд теңге берілген.

Медициналық сақтандыру қорының басқарма басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова:

Бұл - кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде көмек көрсету жөнінде бекітілген келісім-шарттардың жалпы сомасының 56 пайызы. Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті, - деді.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 704,5 млрд теңге.

Айта кетерлігі, бұл күні Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 93,5  млрд теңгені құрады. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper