22.07.2018 22:04

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


«7-20-25» бағдарламасына қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады

Сәрсенбі, 11 Сәуір 2018 15:07

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

«7-20-25» бағдарламасына теңгемен тұрақты кірісі бар Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Бағдарламаның Мемлекет басшысы жария еткен негізгі талаптары: сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан артық емес; бастапқы жарна - 20%-дан артық емес; кредит мерзімі – 25 жылға дейін.

Басқа талаптары талқылануда және Бағдарламада көрсетілетін болады, ол ағымдағы жылдың мамыр айында бекітіледі.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, Бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі Бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздың ең жоғары мөлшері өңірге байланысты сараланады. Бұл ел өңірлеріндегі тұрғын үйлерге бағалар деңгейінің әртүрлі болуына негізделген.

«Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары тек қана теңгемен берілетін болады. Бұл ретте банктер Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарыздарды алу және қызмет көрсетумен байланысты қандай да бір комиссиялар мен алымдар өндіріп алмайды», - деп атап өтті Данияр Ақышев.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper