28.05.2018 07:02

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


Қазақстанда ет қымбаттап жатыр

Дүйсенбі, 09 Сәуір 2018 08:56

Бір жылдың ішінде еттің құны өзге тауарлармен салыстармалы түрде 8-10 пайызға қымбаттады.

Бұл жөнінде Ranking.kz сараптамалық порталы хабарлайды.

Өткен жылмен салыстырғанда сиыр еті – 9,9 пайызға қымбаттап, бағасы килограмына 1481 теңгеге өскен. Қой еті 9 пайызға өсіп 1390,1 теңгені, жылқы еті 8 пайызға көтеріліп 1619,9 теңгені, доңыз еті 8,8 пайызға өсіп 1254,3 теңгені құрап отыр.

Салыстырмалы түрде аса қымбаттамаған тек құс етіне ғана. Яғни тауық еті 0,4 пайызға өсіп, 745 теңгені құрап отыр.

Сиыр еті мен қой еті Астанада ең қымбат тұрады, келісіне 1666 және 1720 теңге. Ал доңыз еті Жезқазғанда ең қымбат  – килограмына 1463 теңге. Ал жылқы еті Қарағандыда килограмына 1841 теңге болса, Атырауда құс еті 890 теңге тұрады.

Ет өндірісі қарқынды өсіп келеді. Соңғы екі айда өндіріс көлемі 41 мың тоннаны құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,8 пайызға өскен.

Ет өндірісі бойынша Алматы облысы,  ШҚО және Ақмола облысы алдыңғы қатарда.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper