26.09.2018 21:32

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Дәрілік заттарды сатып алу кезінде 15 млрд теңге үнемделді

Жұма, 30 Наурыз 2018 11:04

Дәрілік заттарды сатып алу кезінде үнемделген 15 миллиардтан астам теңге медициналық қамтамасыз етуге бағытталатын болады, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Амбулаториялық қамтамасыз ету үшін  дәрі-дәрмекті сатып алуды орталықтандыру шамамен 12 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.  Тағы 3 млрд теңге стационарлық медициналық көмек үшін дәрі-дәрмек сатып алу кезінде үнемделді.

Үнемделген 15 млрд теңге қосымша дәрілерді сатып алуға жұмсалады, бұл науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен көбірек қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 «СҚ-Фармация» Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, мұндай үнемдеуге сатып алуды орталықтандыру және барлық аймақтардың қажеттілік көлемін шоғырландыру арқылы қол жеткізіліп отыр. ««Көтерме бағамен арзанрақ»  қағидаты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде де жұмыс істейді. Өнім берушілер бүкіл республикаға арналған көлемді орталықтандырылған түрде сатып алу кезінде, бағаны айтарлықтай төмендетеді.

Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьюторда бағаны төмендетудің тиімді механизмдері бар. Мысалы, дайындаушы зауыттардан тікелей делдалсыз 90-ға жуық аналогы жоқ препараттарды, ал тағы 15-ін халықаралық ұйымдар арқылы сатып аламыз. Дегенмен, бағаны барынша төмендетуге дәрі-дәрмекті екі кезеңдік сатып алу шеңберінде жүзеге асырылатын бағаны төмендету аукцион арқасында қол жеткізіліп отыр», - деп атап өтті Бірыңғай дистрибьютор басшысы.

Ең үлкен көлемдегі үнемдеуге эндокриндік жүйе ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде қол жеткізілді - 3,7 млрд теңге. 2,4 миллиард теңге қан, қан түзуші ағзалар аурулары мен иммундық механизм қатысатын жекелеген бұзылыстарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде үнемделді. Тағы қан айналымы жүйесінің ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде 2,1 млрд теңге үнемделді.

Дәрі-дәрмектерді орталықтандырылған сатып алудың ең елеулі артықшылығы ОҚО-да болды, онда дәрілерді сатып алу кезінде шамамен 2 млрд теңге үнемделді. Шығыс Қазақстан облысында 1,8 млрд теңге, ал Алматы мен Қарағанды облыстарында тиісінше 1,6 және 1,4 млрд теңге үнемделген.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper