28.05.2018 07:07

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


Кинолог-мамандарға есірткі заттарын табу үйретілді

Сенбі, 17 Наурыз 2018 12:30

Америкалық әріптестер ҚР Ұлттық ұланы  6654 әскери бөлімінің базасында кинолог-мамандарды есірткі табу аясында өткізген біліктілікті жоғарылату курстарының жабылу салтанаты өтті.

Шара аясында аталған оқу курсын оқығаны туралы сертификатқа Ұлттық ұланның бес кинолог-маманы ие болды.

Ұлттық ұланда есірткі іздеуші иісшіл иттерді қолдану сараптамасы оң көрсеткіштерге бастайтындығы байқалған. Осылайша, өткен жылы еліміздің әр түрлі өңірінде есірткі заттарын тәркілеу бойынша 56 дерек тіркелді.

Нақтылай түссек, марихуана, героин, гашиш сияқты 103 келі есірткі заты табылып, тәркіленген. Бұл осы күндері кинологтар қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауда иісшіл иттерді сәтті қолданып келе жатқанын көрсетеді.

Ал иттерді дайындау Қаракемер кентінде орналасқан Ұлттық ұланның кинологиялық орталығында жүзеге асырылуда. Иісшіл иттер іздеу, патрульдік-іздеу, қарауылдық қызмет пен есірткі және жарылғыш заттарды іздеу, шабуылдау мен әскери-жауынгерлік жаттығуларда қолдану мақсатында даярланады.

Тағы бір айта кетерлігі, осы кезге дейін мұндай бағыттағы жаттығулар Түркия мен Австралияда ұйымдастырылған болатын.

Бұл жолы Ұлттық ұлан кинологтары үшін тәжірибелік көмекті америкалық әріптестер көрсетті. Сертификаттарды тапсыру салтанатына есірткімен күрес бойынша бағдарламаның менеджері майор Кристофер Кент, АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Марк Муди мен кинолог-нұсқаушы Брюс Гудэйл және Скотт Зайтнер қатысты.

Жиында сөз алған Кристофер Кент есірткімен күрес Қазақстанда ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де күн тәртібінен түспейтін мәселе болып табылатынын айтып:

- Осындай курстарды өткізу арқылы біз тәжірибе алмасып, біліктілігімізді шыңдаймыз. Бұл бағытта қазақстандық әріптестеріміз біздің сенімді серіктесіміз болып табылады. Сондықтан да әлемдік қауіпсіздікті көздейтін осындай нәтижелі ықпалдастығымыз одан әрі жалғаса түседі деп ойлаймын, - деді.

Өз кезегінде Ұлттық ұлан басшылығы АҚШ елшілігінің әскери ықпалдастық пен қауіпсіздік бөлімі келісім аясында есірткілерді табу шеберлігін шаңдау курстары алғаш рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті.

Оқытуды Америкадан келген жоғары білікті мамандар өткізді. Ұлттық ұлан кинологтары курс барысында жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл тәжірибе олардың есірткі бизнесімен күрес бойынша әскери – жауынгерлік тапсырмаларды шешуде сәтті қолданылатын болады, - деді Ұлттық ұланның жауынгерлік қызмет бас басқармасының бастығы полковник Баатр Бамбуков.

 

АҚПАРАТ

Сонымен қатар, Ұлттық ұлан кинологтарын АҚШ-тың контрабандамен күрес бойынша тәжірибелі мамандары үйретті.

Америкалықтар сақылдаған сары аяз бен 40-градустық ыстықта иісшіл иттермен жұмыс істеудің әдістерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Халықаралық тренинг төрт аптаға созылды. Курс соңында қатысушылар қорытынды емтихан тапсырып, сертификаттарға ие болды.  

Шараны өткізу барысында қызметтік иттермен есірткі заттарын табу мен қылмыскерлерді ұстау бойынша оқу әдістері жұртшылық назарына ұсынылды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper