15.11.2018 18:55



«Біржан-Сара» операсы

Сенбі, 03 Наурыз 2018 15:29

20 және 21 сәуірде «Астана Опера» театрының Үлкен залында көрермен назарына Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазылған М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы қойылады.

Ұлттық өнеріміздің жауһары болып саналатын операның жаңа музыкалық-сахналық редакциясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астананың жиырма жылдығын мерекелеу аясында көрсетілетін болады.

Операда атақты әнші әрі композитор Біржан мен дарынды ақын Сараның арасындағы сүйіспеншілік, өнерпаздың бостандық үшін, бақытты іздеу жолындағы күресі анық көрініс табады. М. Төлебаевтың операсында суреткердің зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы мәңгі күресі туралы идея алға қойылып, өнердің асқақтығы жырланады. 

Қоюшы-режиссер – PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және режиссердің кеңесшісі – Белорусь Үлкен театрының бас режиссері Михаил Панджавидзе. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper