28.05.2018 07:03

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


Ұрыларды қылмыс үстінде ұстады

Жұма, 23 Ақпан 2018 18:07

2018 жылдың 20 ақпанында Астана қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері ұрыларды қылымыс үстінде ұстады.

Бұл жөнінде ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

Кешкі сағат 19.30 шамасында 5573 әскери бөлімі 11 жедел мақсаттағы ротасынан жасақталған патрульдер Давлат Ауезов пен Руслан Айтбаев Дүкенұлы-Айманов көшелерінің қиылысында қоғамдық тәртіпті күзетіп келе жатып жол жиегінде тұрған жалғыз әйелді байқайды.

Жақындай бергенде сол әйелдің тұсындағы «Жігер-2» қонақүйінің іргесінде тағы бір ер азаматтың жүргенін көреді. Ұландықтардың пайымдауынша әйел кісі ер адамның әрекетін бүркеу үшін, сырт көзден бақылап тұрғандай болады. Сезгендей-ақ, әскерилерді көрген олар қипақтай бастайды. Ер адам дәрет сындырып тұрған кейіп танытады. Қасына барған жауынгерлер күдіктінің жанынан матаға оралған теледидарды көреді. 

Жасырын теледидардың ұрланған зат болуы мүмкін деген күдікпен, болған жәйтті дереу патрульдік топ бастығы Алмас Қалымтайға баяндайды. Ол өз кезегінде оқиға орнына тергеу тобын шақырады. Анықтау жұмыстары нәтижесінде азамат Александр Клишин мен азаматша Виалетта Сатаеваның аталған қонақүйден бір күн бұрын бөлме жалдағаны белгілі болды. Кететін уақыт таяғанда жалдамалы нөмірде тұрған теледидарды төсек жаймалардың көмегімен 5-ші қабаттың терезесінен төмен түсіріп, ұрлап кетеді. Алайда, ұландық сарбаздардың қырағылығы арқасында олардың бұл жоспары жүзеге аспай, ұрлықтары дер кезінде әшкереленді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper