15.11.2018 18:33



Астана Операда «Махаббат алауы маздайды…» концерті өтеді

Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 11:20

27 ақпан сағат 19:00-де «Астана Операның» Камералық залында «Махаббат алауы маздайды…» концерті өтеді.

Әлемдік операның лирикалық әйелдер бейнесінің топтамасын театрдың солисі Мәдина Исламова (сопрано) көрерменге паш етеді, онымен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), солист Рамзат Балакишиев (тенор), оркестр музыканттары Балжан Сапарова (флейта), Любовь Ткаченко (арфа), Кирилл Красюков (скрипка) сахна төрінде жарқырайтын болады. Фортепиано партиясында – опера труппасының бас концертмейстері, «Мәдениет қайраткері» Елена Сахно.

Махаббат ұлтқа бөлінбейді: қазақтың Жібегі, итальяндық Джульетта немесе орыстың Ақшақары – тек осы асқақ сезім арқылы ғана бостандық пен бақытқа қол жеткізер еді. Мәңгілік болған бұл тақырып Е.Брусиловский, Н.Римский-Корсаков, В.Беллини сынды өзге де атақты композиторларға шабыт берді – олар бұл жай-күйді нәзік сезініп, музыкада асқан шеберлікпен жеткізе алды.

Концерттің атауына Ақшақар ариясы арқау болды, оны Н.Римский-Корсаковтың «Ақшақар» поэзиялық операсындағы басты кейіпкер еру көрінісінде шырқайды. Композитордың нәзік Ақшақардың ерекше назды лирикалық бейнесін жасауының арқасында бұл көрініс әлемдік опера классикасының ең әсерлі эпизоды болып табылары хақ. Н.Римский-Корсаков осы операны өзінің үздік шығармасы деп санағанын атап өтуге болады.

Осы кеште көпшіліктің сүйікті опера жауһарларының өзге де кейіпкерлері ұсынылады – Дж.Пуччинидің «Турандот» операсынан Лиу мен Калаф, «Богема» операсынан Мими мен Рудольф, Г.Доницеттидің «Махаббат шырыны» операсынан Адина мен Неморино және т.б. бар.

Бұл концерт «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін мерекелік музыкалық кештер топтамасының бастауы болмақ.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper