28.05.2018 06:58

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


2017 жылы жалған ақша жасауға байланысты 214 қылмыстық іс тіркелген

Жұма, 16 Ақпан 2018 17:17

Қазақстанда 2017 жылы айналымнан 2,5 мың жалған теңге, 500 шетелдік банкнот тәркіленді.

Ол туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау жөніндегі орынбасары қызметін атқарушы Ерден Жұма хабарлады.

«Ақша айналымынан 7,4 млн теңгені құрайтын 2511 жалған ұлттық валюта, 26 млн теңгені құрайтын жалпы саны 497 дана шетелдік валюта тәркіленді. Сондай-ақ, жалған белгі жасайтын төрт жасырын цех жұмысы тоқтатылды», - деді Мемлекеттік табыс комитетінің өкілі.

Оның айтуынша, 2017 жылы ведомствоның экономикалық тергеу қызметі 58 қылмыстық іс қарады, оның 48-і аяқталды. Сот санкциясымен 2 млрд теңге сомасындағы мүлік тәркіленді. Сонымен қатар, шығынды қалпына келтіру көрсеткіші 46%-дан 74%-ға дейін көтерілді. Ерден Жұма тіркелген 106 млрд теңге шығынның 50,6 млрд-ы өтелгенін айтты. Сот санкциясымен 27,7 млдр теңгенің мүлігі тәркіленген.

Дереккөз: Baq.kz

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper